8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2022 2773 0
Қалалықтар қаперіне

Құрлысшыларға ескерту берілді

 

       Кеше БҚО әкімдігінің ғимаратында  облыс әкімінің төрағалығымен тұрғын үй құрылысы бойынша үлкен кеңес өтіп, БҚО құрылыс басқармасының бастығы Әлібек Антазиев биылғы жылы атқарылған құрылыс жұмыстары бойынша есеп берді.

Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 532,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі – 170,8 млрд. теңгені құраған екен.  Орал қаласында 3 көпқабатты тұрғын үй , ауылдық елді мекендерде  5 жалға берілетін тұрғын үй барлығы – 87 пәтер пайдалануға берілген. Алайда, өңірдің құрылыс саласында өзекті мәселелер аз емес. Аталмыш басқарма басшысы Әлібек Антазиевтың баяндамасын тыңдаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев жиынды қортындылап, бірқатар құрылыс компанияларының өкілдеріне ескерту берді. Нақты шешімін айтты.  Егер, биылғы жылы басталған құрылыс келер жылға дейін аяқталмаса, жағдайлары күрделене түседі. Сондықтан мердігерлер құрылыс нысандарындағы жұмыстарын мерзімінде орындауы тиіс.

   Әсіресе, облыстағы бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысын бастап, аяқтамай отырған «Град строй сервис» ЖШС-нің аймақтық директоры Бейбарыс Манашқа қатаң түрдегі ескерту берілді. Мәселен, аудандардағы құрылысты айтпағанның өзінде Оралдағы 8-ші мектептің күрделі жөндеуі әлі күнге дейін бітер емес. Оның айтуынша, жұмыстар алдағы жылдың күзіне дейін созылуы мүмкін. Мердігердің жауабына көңілі толмаған өңір басшысы оған жазға дейін бұл жұмысты аяқтауды тапсырды. Егер тапсырма орындалмаса құрылыс компаниясының ісі сотқа тартылмақ.

  Ал, БҚО әкімдігімен 2023 жылға облыс үшін белгіленген лимит 1,6 млрд. теңгені құрайды. 148 пәтерлік 10 үй құрылысын жүргізуге және 23 пәтерді сатып алуға бюджеттік өтінім жолданып, алдын ала қолдау тапты. Сонымен қатар, 2023 жылға ауыспалы кредиттік үйлер құрылысын аяқтауға және жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастауға 17,4 млрд. теңгеге мемлекеттік бағалы қағаз шығару жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен кредиттік үйлер құрылысын қоса қаржыландыру сомасы 2,3 млрд. теңге көлемінде көзделген.

Айнара Иса

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»