8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2021 1421 0
Қоғам

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Батыс Қазақстанда 2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІІ кезеңі (облыстық) өтуде. Облыстық кезең 27  ақпан күні  қорытындыланып, үздіктерге  республикалық кезеңге жолдама беріледі.

Олимпиаданың облыстық кезеңі бүгін Жоғары аграрлық-техникалық колледжі базасында басталды. Жалпы бұл кезеңге бұған дейіні кезеңдерде іріктеуден өткен аудандар мен қаланың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден  барлығы 504  оқушы қатысуда.

– Олимпиада әр оқу жылында  4 кезеңде өтеді. І кезең – мектепішілік. Бұл кезеңде, мектепте өз күшін, интеллектуалдық әлеуетін тексеру үшін барлық тілек білдірушілер қатыса алады. 2020 жылдың қараша айындағы өткізілген мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 11383 оқушы қатысты. ІІ кезең – аудандық (қалалық) кезең 2021 жылдың 8-12 ақпанда аудандық және қалалық білім білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл кезеңге 4645 оқушы қатысты,  – деді БҚО білім басқармасының  баспасөз қызметкері Үміт Жәңгірова.

Олимпиада үшінші кезеңінің тапсырмаларын «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесі  дайындаған.  Облыстық кезеңдегі қазылар алқасының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты – Өтебай Құспанов. Сондай-ақ қазылар алқасы құрамына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, оқытушылары шақырылған.

Пәндік олимпиадалар ХХ ғасырдың 50 жылдарынан кеңес мектептерінде математика және физика пәндері бойынша олимпиадасынан бастама алады. Қазақстанда пәндік олимпиадалар 1998 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

        

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»