8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2021 1224 0
Қоғам

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАННАН 504 ОҚУШЫ ӨТТІ

8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді,  оған облыс бойынша 4645 оқушы қатысты. Ірікітеуден 500-ден астам оқушы өтіп, облыстық кезеңге жолдама алды. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №45 «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында  2021  жылғы 8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиада өңірдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, 8 ауданда офлайн және 4 ауданда онлайн тәртібінде жаратылыстану-математикалық циклі және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы  пәндер бойынша өткізілді.

Математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, өзін-өзі тану пәндері бойынша жалпы 4645 оқушы алғашқы кезеңде бңлңм деңгейлерін сарапқа салды.  Оның ішінде аудан мектептерінен – 3014, Орал қаласы мектептерінен – 1346 және облыстық мектептерден  – 285 оқушы қатысты.

Оқушылардың олимпиадаға қатысуы кезінде барынша қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау zoom платформасы пайдаланылды. Олимпиаданың әрбір қатысушысының сканерленген, шифрланған жұмыстары, барлық тапсырмалардың дұрыс шешімдері «Дарын» өңірлік орталықтарының сайтында және олимпиада өткізілетін орындарда жарияланды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысушылар тізімі анықталды. Ағымдағы жылдың 22 ақпан-3 наурыз аралығында  өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне  504  оқушы қатысатын болады. Олимпиада аудан мектептері оқушылары үшін аудан орталықтарында, облыстық және  Орал қаласы мектептері оқушыларына  Орал  газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің базасында офлайн режимінде өтеді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»