8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2019 1880 0
Жалын

РЕСЕЙЛІК ҚАЗАҚТАР АНА ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ КЕЛДІ

«Аltyn kópir» халықаралық фестивалі аясында Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының жас өкілдері Ақжайық өңірінде бес күндік қазақ тілін оқыту курстарынан өтуде. Самара, Саратов, Орынбор, Астрахань облыстары мен Уфа қаласынан келген 30 жас «Еуразия» туристік-сауықтыру лагеріне орналасқан.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен 2 қыркүйектен басталған фестивальдің мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған  шараларды ұйымдастыру арқылы БҚО-ға шекаралас орналасқан Ресей Федерациясы облыстарындағы қазақ диаспорасының жас өкілдерімен тығыз мәдени-әлеуметтік байланыстарды орнату. Сондай-ақ Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету. Бүгін фестивальдің ашылу салтанатында Ресейден келген қандастарымызға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов алғы сөзін арнап, фестивальдің маңыздылығын атап өтті.

– Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев қиырда қалған қазақтарды ұмыт қалдырған жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен оларды туған жерге тарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. «Аltyn kópir» фестивалі де сол игі жұмыстардың жалғасы. Тарихи және географиялық жағынан Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес облысымен шектеседі. Сол өңірлердегі қандас бауырларымызбен әрдайым байланыстамыз. Қазақстандағы «Жастар жылы» аясындағы аталмыш фестивальдің маңызы зор. Ең басты мақсатымыз – шетте жүрген қазақтардың ана тілін, салт-дәстүрін ұмытпауына ықпал ету, – дейді Бақытжан Хаберұлы.

Статистикалық мәліметтер бойынша Ресейдегі қазақтардың саны – 1 млн. шамасында. Олардың дені Орынбор мен  Астрахань облыстарында тұрады екен. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, Орынбор аймақтық ұлттық мәдени автономиясының мүшесі Біржан Жүсіпов көпшілік алдында сөз алып, ресейлік қазақтардың ана тілін үйренуіне қолдау көрсеткен облыс әкімшілігіне, аталмыш фестивальді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

– Біздің арамызды жүздеген шақырым бөліп тұрғанымен, тарихи отанымыз, ата-бабамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді ешқашан ұмытпаймыз. Шындығында қазақтың әдет-ғұрпының ұлағаты мол әрі сан қырлы. Біз осы бес күн ішінде алған ілімімізді отандастарымызға жеткіземіз. Ана тілімізді үйренуімізге мүмкіндік жасағандарыңыз үшін үлкен рахмет, – деді Біржан.

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасының ұзақ жылдық тарихы бар әрі бүгінгі күні даму жолында. Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-сессиясында Елбасы шет елдермен іскерлік байланыс жолында Ассамблеяны қолдануды атап өткен болатын. Ресейдің бес облысымен шектесетін біздің өңірдің бұл ретте рөлі орасан. Шара барысында «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жамал Ихсанова қос елдің ынтымағын бекітуге бағытталған жобаларға тоқталды.

Айтып өту керек, жылма-жыл бұл фестиваль өңірдегі тіл мамандарының Ресейге баруы арқылы өткізіліп жүрсе, биыл қазақ тілін үйрнуге ниетті жастар алғаш рет Оралға шақырылды. Олар қазақ тілін үйрену курсы бойынша сабақ алуда. Сонымен қатар өңіріміздегі тарихи-мәдени нысандарға саяхаттарға шығып, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау бойынша шеберлік сабақтары, спорттық-сауықтыру шаралары ұйымдастырылуда. Фестиваль 7 қыркүйекте қорытындыланады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»