8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Шілде 2022 2398 0
Руханият

Құрбан айт 9 -шілде де басталады!

­

Баршамызға мұсылман жұртшылығының екі ұлық мейрамдарының бірі болған Құрбан айт мүбарак болсын. Осындай қасиетті күндерге аман-есен, төрт көзіміз түгел, мамыражай күйде жеткенімізге Алла Тағалаға шексіз шүкірлер мен мақтаулар болғай.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» – деген. Тирмизи.
Құрбандық – Алланың берген нығметіне шүкір етуді (рахмет айтуды) білдіреді. Алланың берген нығметі өте көп, оны санап санына жете алмаймыз. Алла Тағала Құранда: «Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар» Ибрахим сүресі, 34 аят – деген.
Биыл 2022 жылы құрбан айт шілде айының 9,10,11 күндері. Арафа күні 8 шілде. Айт намазы 9 шілде күні сағат 6:30 да оқылады. Құрбан шалу айт намазынан кейін шалынады.
Орал қаласы бойынша құрбан шалынатын орындар: ЖШС «Кублей», «Ел ырысы» және ЖШС «Батыс адал ет» мал базарларында сойылатын болады. Жыл сайын келіп түсетін арыз-шағымдарға байланысты қала мешіттерінде мал сойылмайды.
Мал бағасы өсті
Осы жылы құрбандыққа арналған қойдың бағасы 60000-100000 мың теңге аралығында. Бұл бағаны мешіттегі имамдар емес, мал кәсібімен айналысатындар өсіріп отырғанын жамағаттың есіне сала кетейін.
Осы тұста айтып кететін мәселе, мейлі ол жыл сайын құрбан шалушы мен бірінші рет шалған адам болсын, құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Құрбан шалуға ниет етілмей шалынған мал құрбандық болып саналмайды.
Құрметті мұсылман бауырлар! Құрбан айтта Ұлы Алла тағала барша ниеттеріміз бен тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!

Руслан СҰЛТАНОВ,
Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»