8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2019 1732 0
Қоғам

РАМАЗАН – САУАП АРТЫП, КҮНӘ КЕШІРІЛЕТІН АЙ

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің бас имамы Қанат Жакенов Бөрлі ауылында болып, мешіт жамағатымен кездесті.

Кездесуде бас имам Қанат Жакенов оразаның пайдасы турасында уағыз айтты. Бас имам өз сөзінде: «Оразаның пайдасы өте көп. Соның бірі адам баласын сабырлылыққа, төзімділікке баулиды. Өйткені күні бойы қарны ашса да ештеңе жемей, шөлдесе де бір жұтым су ішпей төзіп бағады. Өзіне жамандық жасағандарға «Мен оразамын» деп жауап беріп, төзімділікпен  мінез-құлқын түзейді. Жүйкесі жұқарған жан ғана сабырсыз әрі шыдамсыз келеді. Тіпті, ұрыс-керіс, төбелес, қылмыс атаулының көпшілігі тез ашулану және сабырсыздық дегеннен туады. Демек  ораза атты құлшылық түрі жүйкенің тозуынан, ұрыс-керіс, айқай-шу мен қылмысқа барудан пендені алыстатып, адами қасиеттерге баулиды. Сондай-ақ ең үлкен пайдасы тозақ отына қалқан болады. Алла Елшісі  (с.а.у.) былай дейді: «Ораза – қалқан. Пенде ораза ұстаумен тозаққа қалқан қояды». Осы хадистегі «қалқан» біздің сабыр-шыдамымыз болып табылады. Бұл жөнінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Ораза – сабырдың, сабыр болса – иманның жартысы», –  деген. Демек ораза иманнан туындайды. Иман тозақтан сақтайды. Мұсылман иманының қуатына қарай қылмыс пен күнәдан бойын аулақ ұстайды. Жүйкесін жұқартпайды, ашуын ақылға жеңдіре алады. Ораза ұстап аш жүрген кезде нәпсі қозбайтындықтан, адамның сабыр сақтауы көп қиындық туғызбайды. Аяқасты тап болатын түрлі қиындықтарға шыдамдылық танытуда оразаның берер пайдасы көл-көсір» – дейді.

Айта кету керек, рамазан айында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің асханасында күніге 120 адамға ауызашар ұйымдастырылады. Оған аудандық кәсіпкерлер, мешіт жамағаты демеушілік жасауда. Сонымен қатар оразаның алғашқы күнінен бастап «Тегін такси» акциясы өтуде. Акция аясында қасиетті айда ерікті жамағаттың қолдауымен 5 жеңіл көлік аялдамадағы адамдарды керек жеріне дейін тегін жеткізуде. Сонымен қатар мешіт жанынан «Берекелі жамағат» атты қайырымдылық қоры жұмыс жасайды.

Үміт Жәңгірова, Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»