8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Тамыз 2019 2677 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ОРАЛДА 40-ТАН АСТАМ ШАРА ӨТЕДІ

Дәстүрлі Қала күні мерекесі  биыл 3-7 қыркүйек аралығында аталып өтеді деп күтілуде. Осы аралықта қала аумағында 40-қа жуық түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар жоспарланған. Тіптен, арнайы қала күні логотипі де жасалған. Бұл мақсатқа бюджеттен 9 млн. теңгеден аса қаражат бағытталса,  жергілікті кәсіпкерлер  тағы да қосымша 9 млн. теңге бөліп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтып берді.  

       

– Жыл сайын қыркүйек айының басында дәстүрлі Қала күні мерекесі аталып өтеді. Биыл да атаулы мерекеге орай ауқымды іс-шаралар мен жобалар жоспарланып отыр. Арнайы қала күнінің логотипі жасақталды. Логотиптің астынан және үстінен үш толқын көрініп тұр. Бұл қаланың айналасындағы үш өзенді білдіреді. Қаламыз абаттандырылған жасыл қала болған соң ортасына жасыл белдеу салынған. Бір жағынан бұл шексіздік мағынасын білдіреді, ұлттық оюымызға да ұқсайды. Яғни ұрпақтан-ұрпаққа осындай көрікті қаламызды сақтауымыз керек.  Жанындағы сары белгілер шаһардың шаруашылығынан хабар береді. Логотипті жергілікті жарнама агенттіктерінің бірі дайындап берді, – деп алдымен Қала күнінің логотипін таныстырған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов шаһар тойы шеңберіндегі бұдан әрі жоспарлы шараларға тоқталды.  Бақытжан Қаберұлының мәлімдеуінше, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында биыл отшашулар болмайды. Оған жұмсалатын қаржы Зашаған кентіндегі №5 кітапхананың күрделі жөндеуіне бағытталған. Аумағы 300 шаршы метрді қамтитын, толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кітапхана қалалықтардың рухани демалатын орнына айналары сөзсіз. Онда балалар алаңы, кофе ішетін орын, коворкинг орталығы да қарастырылған.

«Қала күні-2019» мерекесінің бағдарламасы

 

3 қыркүйек

19.00 «Орал-Опера» классикалық музыка концерті Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры
                                                   4 қыркүйек
19.00 Орал қаласы әкімінің кубогі үшін КТА фестивалі Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры
                                                   5 қыркүйек
19.00 І Облыстық «Жайықтың би әлемі» би фестивалі Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры

 

21.00 «OPENAIR» танымал диджейлердің қатысуымен жастарға арналған дискотека Абай алаңы
                                           6 қыркүйек
10.00 №5 кітапхана филиалының жаңартудан кейін ашылуы

 

Зачаганск кенті, Жәңгір хан көшесі, 50
16.00 «X-FITNESS» фитнес орталығының ашылуы

 

М.Жүнісов көшесі, 134
17.00 І Қалалық «Ұлттық мектеп лигасының» ашылуы «Жастар» стадионы

 

18.00 ІІІ «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі

 

Жайық өзені жағалауы
                                          7 қыркүйек
09.00 Қала әкімінің «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты қабылдауы Облыстық филармонияның концерт залы

 

10.00 «Променад» бағдарламасы, қолөнер жәрмеңкесі, «Шеберлер қалашығы», гүлдер фестивалі, «Оқитын қала» акциясы, буккросинг, асық ату, бес асық, «STREET WORKOUT», фестиваль «Биле, Орал» (брейк-данс), фотовыставка, суретшілердің шеберлік кластары

 

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы- Д.Нұрпейісова көшесі (Арбат)
11.00 «Сапалы өнім – 2019» көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті алаңы

 

11.15 «Ақжайық» этноауылының жұмысымен танысу ҚР Тұңғыш Президенті алаңы

 

11.30 Ұлттық киімдер фестивалі Ассамблея үйінің алаңы

 

16.00 «Исатай мен Махамбет» ескерткішінің ашылуы Зачаганск кенті бағытындағы жол

 

17.00 Орал қаласы әкімінің кубогі үшін волейболдан «Достық-Дружба» халықаралық турнирінің ашылуы Айтиев көш. спорт

Залы

 

20.00 Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала күніне арналған мерекелік гала концерт П.Атоян атындағы стадион

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»