8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2019 1482 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына мәлімдеме жасады.

 

«Мен ҚР Президенті ретінде өкілеттігімді тоқтатамын деп шештім. Әрине бұл оңай шешім емес. Биыл ең жоғарғы лауазымдағы міндетімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады» – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.

«Халқым маған Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді. Кеңес империясы құлаған сәтте біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалғанын білесіздер. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдайлар орын алды. Ішкі жалпы өнім екі есеге қысқарды, азық-түлікпен тауарлардың тапшылығы сезілді. Бір мезетте ірі зауыттардың барлығы тоқтап қалды. Бұл сынақ болатын. Біз осы сынақтан өтіп, Қазақстанның даму жолына белсене кірісіп кеттік», – деді ол.

Сонымен қатар ол, елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беретінін де айтып өтті.

«Өткен жылдардағы сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін. Заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш президент Елбасы, Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болдым. Елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. Өздеріңізбен бірге боламын, еліміздің қамы менің мүддем болып қала береді»,-деді ол.

ҚР Президенті сайлауына дейін Президенттің міндетін  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы  Қасымжомарт Тоқаев атқарады.

baq.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»