8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2021 1262 0
Қоғам

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай бүгін, 26 тамыз күні Орал қалалық әкімдігінде салтанатты  жиын өтіп, құқық қорғау органы қызметкерлері қала басшысының алғыс хатымен марапатталды.  

– 1995 жылғы жалпы халықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың маңызды таңдауы болды. Осыдан 26 жыл бұрын даму мен өркендеудің даңғыл жолы айқындалды. Негізгі заңымыз әлеуметтік-экономикалық дамудың өзегі, бірлік пен ынтымақтастықтың бұлжымас бағдары, кемел келешектің кепілі болды. Мемлекет саясатының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуеті Отанымыздың жоғары экономикалық дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының артуына толықтай бағыт алып отыр. еліміз егемендік алған кезден Қазақстанның кең байтақ жерін мекендеген ұлттар мен ұлыстар қоян-қолтық еңбек етіп, бейбіт ғұмыр кешуде. Ең бастысы ұлтаралық келісім, достық пен татулықтың арқасында елімізде саяси тұрақтылық сақталуда. Осы мақсатта атқарылып жатқан көптеген игі істер соның айқын дәлелі, – деген Абат Абайұлы Конституцияның әр тармағы әр қазақстандықтың алдындағы арман-мақсаттарының орындалуына мүмкіндік беретін басты құжат екенін атады.

Салтанатты жиында қала әкімінің алғыс хатына Орал қаласы №2 сот кеңсесінің мамандары Д.Чикеев, Ф.Танатова, Ж.Ғалымжанова, А.Дүйсенова, С.Дүйсенғалиева, М.Бекқалиева, Орал қаласы прокуратурасының прокурорлары Д.Ізтілеуова, Т.Есенғалиева, Н.Жорабеков, О.Әбдірәсіл, Е.Мизам және Орал қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы М.Құспанова, Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің  аға инспекторы А.Көшкінова,  Орал қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы А.Мұхаметияров, Орал қалалық әкім аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміні бас инспекторы Ә.Мыңжасаров ие болды.

Мерекелік жиын «Жастар» мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік ән шашуымен тәмамдалды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»