8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2020 1974 0
Қоғам

ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ М.ОМАРҒАЛИЕВ ТҰРҒАН ҮЙГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

БҚО мәдениет саласының дамуында айшықты ізі қалған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мақсот Омарғалиев тұрған үйге ескерткіш тақта қойылып, қайраткерге арналған «Ақ Жайықтың өнерін өрлеткен ер» атты естелік кітап жарыққа шықты.

Мәдениет майталманы Мақсот Омарғалиев көзі тірісінде жанұясымен тұрған Әбубәкір Кердері, 127-үй мекенжайында орнатылған ескерткіш тақтаның ашылуына  облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, өнердегі әріптестері жиналды.

Шарада Мақсот Константинұлының сыйлас інісі, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Иманқұлұлы арда азаматтың  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезеңде мәдениет саласын дамытудағы атқарған еңбегі туралы естелікпен бөлісті.

– Көзі тірі болып, ортамызда жүрсе Мақсот ағамыз 75 жасқа толады екен. Өкінішке орай, тағдырдың жазуымен ол бұл жасын көре алмай кетті. Десек те, бірге  еңбек еткен қанаттас достары, ағалары, апалары, замандастары, біздей інілері ол кісінің  ел үшін жасаған еңбегін ұмытпайтынымызды айтқым келеді. Мақсот ағамыз – өз заманының адамы еді. Кеңес кезінде әншілігімен көзге түссе, Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдарында мәдениет саласының басшылығына келіп, дамуына өз үлесін қосты.  Егемендіктің алғашқы кезеңінде  елдің экономикалық жағдайы қандай болғанын баршаңыз білесіздер. Ол сол кезде облыс басшысына кіріп, бірде-бір кітапханашы мен бірде-бір мәдениет қызметкері н қысқартуға болмайтынын айтқан. мәселен, шағын ғана клубтағы 4 штатты 1штатқа қысқартқанымен, Мақсот ағамыздың айтуымен, 1 штатты 4 адам бөле атқарған еді. Қазір, міне, заман түзелді. Қазіргі уақытта жаңа мәдениет үйі, жаңа кітапхана салмаймыз, сол Мәкеңнің  замандастары, сіздерді қорғап, сіздердің арқаңызда, сол кездегі облыс басшыларының арқасында сақталған  мәдениет үйлері жөнделіп, кітапхана қалпына келіп, барлық конценрттік шаралар жалғасып жатыр. Мақсот ағамыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас, жаны жәннатта болсын,  – деді Мәлік Иманқұлұлы.

Өңірдің мәдениеті мен өнеріне  өлшеусіз үлес қосқан Мақсот Константинұлының 75 жылдығына орай орнатылған ескерткіш тақтаны ҚР Еңбек сіңірген еңбек сіңірген қайраткері, ұзақ жылдар бірге қызмет еткен әріптесі Қатимолла Бердіғалиев мен Мақсот ағаның ұлы Бауыржан Мақсотұлы ашып, жиналғандар тақта алдына гүл шоқтарын қойды.

– Мәкеңмен 69 жылдардан, студент кезден  бірге  оқыдық, одан кейін бірге қызмет еттік. Ол өнерге өте жанашыр жан еді. Ширек ғасырдан астам мәдениет саласында еңбек етті және мәдениет қызметкерлерін –әртістерді туысындай тартып тұратын.  Қысқарту болған кезде  мәдениет қызметкерлеріне қамқорлық жасады.   Қазір өзі болмағанымен жасаған ізі қалды. Ескерткіш тақта келер ұрпаққа осы азаматты біле жүруі үшін ілініп отыр. Әрине, мұнымен шектелмеуіміз керек. Мақсот Омарғалиевтың атына Фрунзе көшесінің берілуін мәдениет қызметкерлері атынан сұраймыз. Өйткені Мақсот Константинұлының  облыс  үшін жасаған еңбегі зор,  – деді Қатимолла Бердіғалиев.

Қайраткерге  арналған жаңа кітап Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырылған  «Өнерде қалған өшпес із…» еске алу кешінде  таныстырылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»