ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРГІ ШЕКТЕУЛЕРДІ ТҮСІНДІРДІ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды және эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақтау бекітілген еді. ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова демалыс күндері карантин неліктен сақталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Не себепті демалыс күндері локдаунды сақтаймыз? Бірінші мақсат – қол жеткізілген көрсеткіштердің оңтайлы динамикасын сақтау. Инфекцияның таралуында басты себеп не? Ол – адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері адамдардың өзара қарым-қатынасы көбейеді, тұрғындардың сапарға шығуы артады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу