8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2025 1194 0
Құттықтаймыз!

Премьер-министр кәсіби мерекесіне орай металлургтерге Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етті

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының қызметкерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті.

🏭Тау-кен металлургия кешені — өнеркәсіпті дамытудың негізі. Тәуелсіздік жылдарында бұл сала тұрақты экономикалық өсімге және әлеуметтік әл-ауқаттың нығаюына ықпал етті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасына қосқан үлесі 6,9%-ды құрады. Бүгінде салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың күнделікті жұмысы машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика саласының дамуына серпін береді.

🔸Олжас Бектенов металлургия саласын дамыту Үкіметтің басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Өндірісті жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және заманауи технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасатын болады.

👷‍♂️Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тау-кен металлургия кешенінің еңбеккерлеріне, оның ішінде металлургтерге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл Мемлекет басшысы алғаш рет екі жаңа мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атақтарын тағайындады.

🏅Осы жылы барлығы тау-кен металлургия өнеркәсібінің 600-ден астам жұмысшысының еңбегі атап өтілді. Олар – бүкіл ел бойынша өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері.

📍Мемлекеттік наградаларды металлургтерге өнеркәсіп және құрылыс министрі, Астана және Алматы қалаларындағы, Ұлытау және Абай облыстарындағы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы өңір әкімдері табыс етті.

🙏Сала өкілдері Мемлекет басшысына еңбектерін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдірді. «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Болат Айдаболов бұл марапат ел экономикасының негізі болып саналатын барлық саланың үлесін бағалау екенін атап өтті. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС флотаторы Гүлбану Жұмаділдина марапат – ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі екенін айтып, Президентке металлургтердің еңбегіне көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

📱 @KZgovernment

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»