8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2021 1954 0
Қоғам

ПОЛИЦИЯНЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

Төрт аяқты көмекшілер жарылғыш заттарды, оқ-дәрі, қару-жарақтарды табу, есірткіні тасымалдаушылардың жолын кесу, із кесу секілді бағыттар бойынша қызмет атқарады. Жыл басынан бері Орал қаласы аумағында жедел-тергеу тобы құрамымен бірге қылмыстық оқиғалар орнына барған қызметтік иттердің көмегімен 141 қылмыс ашылды.

Ертеңгілік жедел-тергеу тобы құрамында кезекшілікке түскен полиция қызметкері Александр Бреусов пен оның сенімді серігі – Мұхтар дамыл таппады.  Орал қаласы Полиция басқармасының ғимаратына ентелей аяқ басқандары сол-ақ еді, қала орталығында орын алған пәтер ұрлығына қайта шығып кетті. Полиция қызметкері де, қызметтік ит те сапта ысылған, кез-келген дабылға дайын тұрады, лып етіп қызметтік көлікке жайғасады.

Алғашқыда Мұхтарға қауып алмасын деген қорқынышпен, үрейлене жалтақтай қарадық.  Иесі емін-еркін жетектеп келеді. Оң қолын көтеріп еді, арсылдап үргенін тыйып, үнін өшірді.

–  Менің досымның есімі – Мұхтар. Ол өте жас төбет. Кішкентай ғана ит. Әжептәуір үйренісіп қалдық. Мінезі – салмақты, – деп кинолог Александр мақтай жөнелді.

Түріне қарап,  «қайдағы кішкентай ит?» деген ойға келдік, кәдімгі денелі дәу төбет, төбеңе дейін секіргелі тұр. Арсылдап үргенде алды-артыңа қарамай келген ізіңмен қаша жөнелгің келеді. Алайда, түр-түсі ашық, әдемі.

Кинолог, полиция аға сержанты Александр Бреусовтің полициядағы қызметі 2017 жылдан бастау алады. Кішкентайынан күшіктерге үйір, төрт аяқтыны жақсы көріп өсіп-жетілген Александр Викторовичтің қызметі де сол сенімді көмекшілермен бірлесе жұмыстанумен ұштасуда. Бұған дейін кинолог Александр Викторович белгиялық қабаған Молинамен түрлі қылмыстық оқиғалар орнына барып, із кескен. Күрмеуі қиын қылмыстар мен құқық бұзушылық фактілері Молинаның қырағылығы нәтижесінде ашылыпты.

Тәртіп сақшысы бұл жолы аз-кем уақыт аралығында Мұхтармен достасып үлгерген. Сенімді серігі көп ретте ұрлық пен кісі тонау оқиғасына барғанда, міндетті түрде күдікті құрықталады екен. Сонымен қатар адамдардың із-түссіз жоғалу фактілері де Мұхтардың иісшілдігі нәтижесінде ашылып отыр.

Итке  қатысты «адал дос», «сенімді серік» деген сөз шындыққа жанасады. Жуықта Мұхтардың көмегімен пәтер ұрлығы ашылды. Оқиға орнына барған қызметтік ит іздерді қуалай, күдіктінің бой тасаламақ болып қашқан бағытын анықтады.

Ел қауіпсіздігі үшін аса маңызды істерді атқарып жүрген кинологтар мен қызметтік иттердің  алыпсоқтардың жұмыстары нәтижелі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»