ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ПЫШАҚ СҰҚҚАН
Орал қаласында полиция қызметкеріне күш қолданған күдікті ұсталды.

10 наурыз күні түнгі сағат 2.53 кезінде Орал қ. ПБ-нің «102» кезекші операторына белгісіз әйел жолдасының ішімдік ішіп келіп, бұзақылық ұйымдастырып жатқаны туралы хабарлап, көмек шақырған.
Хабар түскен бойда оқиға орнына Орал қ. ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қайрат Тұрсынғалиев келіп жетеді. Учаскелік полция инспекторы 1983 жылғы ер адамды ұстау кезінде ол қарсылық білдіріп, учаскелік полиция инспекторының иық тұсынан ас үй пышағымен жарақат келтіреді. Десе де полиция қызметкерлері бұзақыны қолға түсірді. Сараптама нәтижесіне сәйкес оның «жеңіл дәрежедегі» мас күйде болғаны белгілі болды.
БҚО ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу