8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Желтоқсан 2019 1507 0
Өзек

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ АДАМДАРДЫ ҚАҒУЫ ЖИІЛЕДІ

Соңғы уақытта полиция қызметкерлері көлігімен адам қаққаны туралы оқиға жиіледі. Желтоқсанның 7-сі күні Орал қаласының тұрғынын қағып, полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайында БҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәжиев хабарлады.


7 желтоқсан күні түнгі сағат 3.00-де жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Медет Рахадилов «Ауди В4» көлігімен Жәңгір хан көшесінде «Шевроле Лацетти» көлігіне соқтығысып, көлікте отырған 1990 жылғы әйел ауыр жарақат алады. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға түсіп, таңға жақын қайтыс болғаны туралы хабар алдық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша қайта сараланып, полиция қызметкері Департаментте өткен Тәртіптік комиссияның отырысынан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БҚО әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Александр Плешаковтың хабарлауынша, желтоқсанның 2-сі күні таңғы сағат 6.00 шамасында Тасқала ауданы орталығындағы М. Мәметова көшесінде жол-техникалық инспекциясының мемлекеттік аға инспектор Сәкен Қазжанов «жолдан өтіп бара жатқан 1963 жылғы тұрғынды өзінің «Шевроле Нива» көлігімен қаққан. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-тармағы және 347-бабының 1-тармағы бойынша аға инспектор Сәкен Қазжановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнынан із суытқан инспектор қылығына қатысты қызметік тексеру жүргізілуде.

18 қараша күні сағат 23.30-да облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкері, полиция лейтенанты Ринат Баймұқашев Орал қаласының Жәңгір хан – Брусиловский көшелерінің қиылысында жол шетінде кетіп бара жатқан 1998 жылғы қыз баланы қағып кеткен еді. Сол күні полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, облыстық полиция департаментінің тәртіптік кеңесінің шешіміне сәйкес қызметінен босатылды. Бүгінге дейін жәбірленуші Лариса Еспаева ауруханада ауыр халде жатыр. «Оқиға орнына барып, апат салдарын видеоға түсірген блогер Айболат Бөкенов партрульдік полиция қызметкеріне кедергі жасады. Медициналық сараптама арқылы оның жеңіл мас күйінде келгенін анықтады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 667-бабы бойынша іс қозғалып, Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімін шығарып, Айболат Бөкеновке ескертпе берілді», – деді Манарбек Нәжиев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»