8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2020 1529 0
Қоғам

«ҚҰПИЯ ПАЦИЕНТ» АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

«Құпия пациент» бағдарламасы аясында медициналық сақтандыру қоры медицина қызметкерлерінің МӘМС жүйесі туралы білімін тексерді.

 

Аймақтағы медициналық ұйымдарға белгілі бір уақыт аралығында құпия пациенттер арқылы тексерілетіндігі ескертілген. Жоба қарсаңында медициналық ұйымдардың қызметкерлері оқытылды.

«Филиал қызметкерлері тұрақты түрде каскадты әдіспен медицина қызметкерлерін оқытуда. Осылайша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (бұдан әрі – МӘМС) мәртебесін анықтайтын, «сақтандырылған» мәртебесін берудің, медициналық қызметтерді қашықтан алуға және т.б. алгоритмдерін жасады. Сонымен бірге, медициналық ұйымдардың қызметкерлері «Saqtandyry» ақпараттық жүйесін, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі-ТМККК) және МӘМС медициналық қызметтер пакеттерінің түрлері де оқытылды. Айта кету керек, аймағымызда 24 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының әрқайсысында арнайы МӘМС-ке байланысты туындаған сұрақтарға толық ақпарат беру үшін бекітілген 5 жауапты қызметкерлері (бұдан әрі – «бестіктер») оқытылды. Олар өз кезегінде өз ұжымдарында оқыту өткізеді. «Құпия пациент» жобасының нәтижелері бойынша «бестіктердің» жұмысы күшейтілді», – деп атап өтті Медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жумагулова.

Тексеру барысында ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсету саласындағы білімі мен дағдылары бағаланды. Белгілі бір сценарийлерге сәйкес құпия пациенттер медициналық мекемелерге қоңырау шалу арқылы жүргізілді. Тексеру аяқталғаннан кейін арнайы бланкілерді толтырылды, онда барлық ескертулер мен бағалар енгізілді. «Құпия пациент» тексерістерінің нәтижелері медицина қызметкерлерін жазалау мен жұмыстан шығаруға негіз болмауы тиіс, – деп атап өтті филиал директоры.

2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 46 медициналық қызмет көрсетушілермен келісім – шарт жасалды, оның ішінде – 36 мемлекеттік медициналық ұйым, 10 жеке меншік.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
359 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
943 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»