8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2020 1831 0
Қоғам

ПЕДАГОГТАР ЦИФРЛЫ ФОРУМДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Әдістемелік лайфхак» облыстық цифрлы форумы аяқталды. Күн тәртібіне қазіргі кездегі еліміздің барлық мұғалімін толғандыратын мәселелер қозғалды –  білім беруді трансформациялау, мектептердегі цифрлы орта, оқушылардың белсенділігін арттыру, заманауи мұғалімге қойылатын жаңа талаптар және т.б.

– Форум қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар және мектебіміздің бастамасымен жүзеге асқан  «Жаңа заман мұғаліміне арналған цифрлы гайд»  жобасы кезеңдерінің  бірі болды. Цифрлы құралдар педагогтар үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың заманауи әдісіне айналып отыр, – деді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев өзінің алғысөзінде.

Форумның хедлайнері, «Назарбаев қорының» білім беру саласындағы бас сарапшысы Назипа Аюбаева қашықтан оқыту  кезеңінде мұғалімнің рефлексиялық практикасының маңызын атап өтті, сонымен қатар педагогтардың мектеп ішіндегі кәсіби дамуы оқушылардың білім алуына тиімді әсер ететінін жеткізді. EdCrunch University НИТУ «МИСиС» орталығының директоры Нұрлан Қиясов цифрлы алшақтықты қайта қарастыру, технологияны пассив қолданудан белсенді пайдалануға көшу және мектептегі цифрлы білім беру ортасын қалыптастыру ерекшеліктерін ескеруге шақырды.

Білім беруді трансформациялау тақырыбындағы панельді пікірталаста Қазан қаласындағы А.Н.Туполев атындағы ҚҰЗТУ жанындағы инженерлік лицей директорының орынбасары Индир Халиков, Оралдағы педагогикалық шеберлік орталығының менеджер-әдіскері Гүлнара Есмагулова және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының орынбасары Зинур Мұхтар баяндама жасады. Форумға қатысушылар әртүрлі заманауи ресурстардың ішінен тиімді цифрлы құралды қалай таңдауға болады, еңбек нарығы алдағы жылдарда қалай өзгереді, виртуалды әлем шынайы әлемге қалай әсер етеді, табысты офлайн жобаны табысты онлайнға қалай  айналдыруға болады және қазіргі таңдағы мұғалімдердің практикасындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

«Цифрлы гайд» лайфхактар павильонында Зияткерлік мектептің үздік  мұғалімдері Pear Deck, LINOIT онлайн тақтасы, CLASSTIME, WORDWALL, Mindmeister сервистері сияқты онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар, лайфхактар мен ұтымды шешімдерді таныстырып, олардың сабақта тиімді қолданылуын көрсетті. «Сандық сабақ» сессиясында облыстық жалпы  орта мектеп мұғалімдері постер түрінде  зерттеулерін ұсынды.

Форум соңында  NIS мұғалімдерінің АКТ дағдыларын дамыту, қашықтан оқытудың озық тәжірибесін тарату және мұғалімдердің шығармашылық бастамасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған  «Үздік онлайн-сабақ» кәсіби шеберлік байқауының  қорытындысы белгілі болды.

Қазіргі заман сабағы – мұғалімнің монологы емес, пікірталас, зерттеу мен тәжірибе алаңы. Мұғалім жетекшілік етеді, ынталандырады, белсенді оқуға жағдай жасайды. Сол себепті мұғалімдердің кәсібилігіне қойылатын талаптар да артып келеді – енді олар заманауи оқыту әдістерін қолдана білуі керек. Форум қатысушылары осындай ортақ пікірге келді.

 

Айдана ХАМИДУЛЛИНА,

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
364 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
448 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
505 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
517 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
567 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
306 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
793 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
819 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
769 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
720 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
764 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
947 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»