ПАРТИЯНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА – ЖАҢА ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ
Қала әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы Саяси кеңесінің Бюросының кеңейтілген отырысында партияның Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Кенесары Нұршинов бекітілді.


Жиынға Nur Otan партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымы өкілдері, партия активі, қатысты.
– «Nur Otan» партиясы бірінші кезекте халықтың хал-ахуалын жақсартуға қызмет жасап келеді. Бар білімім мен тәжірибемді партияның алдымызға қойып отырған міндеттерін орындауға жұмсаймын, – деді жаңа лауазымға сайланған Кенесары Бекболатұлы.
Саяси кеңес отырысының күн тәртібінде «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының жеті серпіні» бағдарламасы жайында партияның БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев баяндады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу