8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2020 1080 0
Қоғам

ПАНЕЛЬДІК РАДИАТОРЛАР ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жыл басынан бері бизнесті жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымыздағы кәсіпорындарға жалпы сомасы 9,6 млрд. теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қаржылық қолдау көрсетті. Жалпы 1,3 млрд. теңге болатын 117 жобаға қор кепілдемесі берілген. Бүгін, 22 қыркүйек күні «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының БҚО филилалы өз ісін дамытуда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлік нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

«Дамудың» демеуіне ие болғандардың бірі – «Орал трансформатор зауыты» ЖШС. Зауыт экспорттық әлеуетті арттыру үшін «Басым жобаларды несиелеу механизмі» бағдарламасының шеңберінде екінші деңгейлі банк арқылы жылдық 15 пайыз мөлшерлемесімен 1,9 млрд. теңге несие алған, оның тоғыз пайызын «Даму» қоры субсидиялайды.

–  Қаражат өндіріс көлемін ұлғайтуға және панельдік радиаторлар өндірісіне  арналған екінші зауытты іске қосуға жұмсалды. Жаңа зауыттың құрылғылары Италия мен Испаниядан жеткізілді. Бұл зауыт мамыр айында жұмысын бастауы тиіс болған. Алайда, пандемияға байланысты құрылғыларды іске қосатын шетелдік сарапшылар елімізге келе алмай, уақыт созып алдық, – деген зауыттың сату бөлімінің менеджері Нұрберген Кәрімов кәсіпорынның өндіріс айналымын кеңейтуде мемлекеттік қолдаудың мол екенін жеткізді.

Жаңа зауыт іске қосылысымен 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ зауыттың аумағы әлі де игеріліп, болашақта трансформаторларды жөндеу және құрғақ құйма трансформатор зауыты салынбақ. Кәсіпорын өкілі жұмысшылар үшін бар жағдай жасалатынын айтты. Мәселен, қазіргі уақытта аумақта зауыт жұмысшылары үшін жатақхана салынуда.

Сондай-ақ «Даму» қоры арқылы қолдауға ие болған «Талап» АҚ  медициналық орталықтар желісі орталықтардың бірінде магниттік-резонанстық томография кабинетін ашса, мүмкіндігі шеутеулі балаларға арналған «Шаңырақ» түзете-оңалту орталығы жұмысын бастады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»