Пәтер өртінен ер адам аман қалды
Орал қаласында тағы бір пәтер өрті тіркелді. Төтеншеліктер тілсіз жаудан ер адамды аман алып қалған. Мамандар өрттің тұтану себебі шылым шегумен байланысты деген болжам келтіреді. 3 желтоқсан күні сағат 18:47 шамасында БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Гастелло көшесі, 42 мекенжайындағы үйде жиһаз және жеке заттар жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен. Өрт орнына жеткен төтеншеліктер баспанадан 6 адамды шығарды. Оның ішінде 2 бала және 1 ересек адам құтқарылды. Көпқабатты тұрғын үйдің 2 қабатындағы жалынды сөндіру кезінде мамандар балконнан ішке енуге мәжбүр болған. Тілсіз жау 30 шаршы аумақты шарпыды. БҚО төтенше жағдайлар департаменті өрттің шылым шегу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындап отырғанын айтады. Қала тұрғындарын мұндай жалынның тұтануының алдын алуға шақырады.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу