8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қаңтар 2023 2860 0
Қалалықтар қаперіне

ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР  

Жуықта БҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы мен Орал қаласының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің кәсіби шеберлігі шыңдалған жедел уәкілдері  бірлесіп, 2022 жылы екі пәтер ұрлығына, 2023 жылы тағы да екі пәтер ұрлығына жол берген күдіктіні құрықтады. Ол соңғы төртінші қылмысты жасаған күні қолға түсті.  Күдікті 2022 жылдың соңғы айларында және 2023 жылдың басында пәтер ұрлап, дәнігіп,  осы мерзім аралығында  4 пәтерді тонап үлгерген.  Ол  әр пәтерге түнгі уақыттарды  пайдаланып ұрлыққа жол берген. Мысалы: 2022 жылғы  15 қазанда түнгі сағат екіде «Газовик» саяжай қоғамын бетке алып, дәл осы саяжайдағы  бір жер үйдің терезесін сындырып кіріп, үй иесіне тиесілі заттарды ұрлаған. 28 қазанда «Любитель природы» саяжай қоғамындағы бір үйлің пластик терезелерін сындырып үйге еніп, төргі бөлмедегі шкафтан құнды бұйымдар іздеген. Шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдар мен 500 мың теңгені қымқырып, ілезде оқиға орынынан  бой тасалаған. Көп ретте үй ішінен ақша мен алтын бұйымдарды шарқ ұрып  іздеп, әр пәтердің астан-кестеңін шығарып кеткен көрінеді.

2023 жылғы 11 қаңтарда пәтерге ұрлыққа түсіп, 2 дана неке сақинасын, алтын сырғалар, алтын алқа сынды зергерлік бұйымдармен бірге 300 мың теңгені жымқырып кеткен. Соның салдарынан 1960 жылғы пәтер иесіне 1 миллион теңгеден аса  материалдық шығын келген еді.

19 қаңтарда «Ескі аэропорт» ауданындағы кезекті пәтердің пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашу арқылы, үй иесіне тиесілі «Самсунг» маркалы телевизор, «Хуавей» маркалы ұялы телефон және құнды жамылғыларды ұрлаған. 1962 жылғы бұл пәтер  иесіне де 400 мың теңге материалдық шығын келді. Пәтер тонағыш жігіттің  Орал қаласының тұрғыны екені, еш жерде жұмыс жасамайтыны  полиция қызметкерлеріне мәлім болды. Тергеу алды барысында күдіктінің  бұған дейін де қылмыстар жасап, істі болғаны анықталды. Осылайша 4 пәтерді тонаған тұлға ұсталды. Бүгінгі күні ҚР Қылмыстық кодексінің  188  бабының 3 бөлімімен іс қозғалды.

Орал қ.ПБ    

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»