8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 1030 0
Қоғам

ОТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫҢ КВАЛИФИКАЦИЯСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтты.

БҚО әкімі баян еткендей, Елбасының бастамасымен жарияланған республикалық «Biz Birgemiz» акциясы аясында 30 мыңға жуық жерлесіміз материалдық көмек алған. Елдегі пандемияға байланысты облыс тұрғындарына мемлекет және демеушілер тарапынан 17 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оған қоса 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек алған.

Сондай-ақ пандемия кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жұмыспен қамту жол картасы» өңірлерде бірқатар нысандарды күрделі жөндеуден өткізіп, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Облысымызда 33 білім беру, 16 денсаулық, 12 мәдениет, 5 әлеуметтік, 2 спорт нысаны жөнделіп, 75 шақырым жол, 146 шақырым газ және 50 шақырым инженерлік желілері салынды. Осы нысандарды жөндеу жұмыстарына 8 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 762 адам техникалық және кәсіптік білім алуға жолданды, 355 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды, әртүрлі санаттағы адамдар 1113 кредитке қол жеткізді, 2034 адам жаңа бизнес-идеяларға гранттар алды, 836 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1870 жас жастар практикасына, 8418 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды.

Жалпы өткен жылы 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылса, соның 60 пайызы – тұрақты жұмыс орындары.

– 2020 жылы барлық аудан әкімдеріне шаруа қожалықтарында еңбек ететін азаматтарды ресми тұрде тіркеу жұмысын жұргізуді тапсырған болатынмын. Бүгінгі таңда 1106 жұмысшы шаруа қожалықтарына тіркеліп, еңбек қатынастарын заңдастырды. Сонымен қатар, Қарашығанақтағы шетелдік жұмыс күшін талдай келе, көптеген жұмысшы мамандар шет елден тартылатынына көз жеткізілді. Бұл позицияларды жергілікті мамандармен жабу үшін отандық мамандардың квалификациясын арттыруымыз қажет. Осы мәселені шешу үшін КПО б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялары есебінен Ақсай колледжінің негізінде құрал-жабдықтар алып, арнайы оқыту орталығын ашатын боламыз, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»