8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2021 1135 0
Қоғам

ҰОС ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ПОЙЫЗБЕН БІР АЙ ТЕГІН ЖҮРЕ АЛАТЫН БОЛДЫ

Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін теміржол көлігімен тегін жүру науқаны жүзеге асырылады.

Биыл Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу аясында 1-31 мамыр аралығында науқан бойынша тегін жүру мүмкіндігін тыл еңбеккерлерінің барлығы бірдей, жасы бойынша шектеу қойылмай пайдалана алады.

«Сонымен қатар 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері 2021 жыл бойы теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалана алады. Науқан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастамашылық ете отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Науқан шарттарына сәйкес, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасында барлық бағыт бойынша тегін жол жүре алады. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне барлық санаттағы пойыздардың купе вагондарында, оның ішінде «Турист» класты вагондарда және «Talgo» компаниясының пойыздарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купелерде орындар бөлінеді», делінген ресми хабарламада.

Тегін жол жүру науқаны тұрақты негізде өткізіледі. Осы науқан бойынша билеттерді ресімдеу үшін билет кассасына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Ұлы Отан соғысы ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет.

ТМД елдеріне билет алар кезде тегін жол жүру құжаттары (билеттер) тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ресімделеді.

https://kaz.zakon.kz/5065144-os-zh-ne-tyl-ardagerler-poyyzben-b-r-ay.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»