8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1917 0
Спорт

Қос спортшыға үміт артты

Сейсенбіде Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев Болгария елінің Благоевград қаласында өткен әлем чемпионатынан жүлделі оралған Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының студенті Әсел Жұмағамбетова мен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Кенжеқыз Қаупенованы қабылдады.

– Болгария елінен екі қарагөзіміз жеңіспен оралған екен. Әлем чемпионатында екінші, үшінші орын алу, менің түсінігімде, үлкен жетістік. Бұл додаға қатысушылар көп болды деп естідім. Батыс Қазақстан облысы батыр қыздарымен дүние жүзіне танымал. Мәншүк, Хиуаз секілді батыр апаларымызбен әлі күнге мақтанамыз. Батыр болу үшін соғысқа қатысу шарт емес. Сіздер де спорттағы ерлігіңізбен Ақ Жайықтың қаһарман қыздарының қатарын толықтырып отырсыз. Аман жүріңіздер, ақ жол тілеймін. Спорттан қол үзбеңіздер, біз сіздерден әлі де үміт күтеміз, – деген Нариман Төреғалиев қос қарлығаштың бапкері Мұрат Ибатовқа да алғысын білдірді.

№4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Мұрат Ибатов Әсел Жұмағамбетова мен Кенжеқыз Қаупенованың ортақ бапкері. Ол нәзік жанды қос спортшыдан үлкен үміт күтетінін айтады. – Қыздарымның екеуі де осал емес. Өте еңбекқор. Бұл жүлде оларға ерінбей-жалықпай тер төгумен келді. Әсел – Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының ІІІ курс студенті. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Азия чемпионатының жеңімпазы. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болса, Кенжеқыз да қол күресінен ҚР спорт шебері. Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 4-курс студенті. 1-10 қазан аралығында Болгария елінің Благоевград қаласында өткен әлем чемпионатына дүние жүзінің 59 елінен «сен тұр, мен ата-йын» спортшылар қатысты. Осы сайыста біздің еліміз екінші орынға табан тіреді. Бұл жеңіске Әсел мен Кенжеқыз да зор үлестерін қосты, – дейді спортшыларының жетістігіне шын қуанған бапкер.

Әсел Құсманқызының қол күресімен шұғылданғанына бес жылдың жүзі болыпты. Туған жері Бөрлі ауданының Ақсай қаласынан Оралға келгесін №4 БЖСМ-де жаттығуды жалғастырған.

– Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Рас, қарсыластарымыз шетінен мықты болды. Бүгінге дейін Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында бірінші орынға ие болдым. Қазақстан Кубогына қатысып, тағы жүлдені еншіледім. Былтыр ҚР спорт шебері атағын алдым. Келешекте жасөспірімдер емес, әйелдер арасында бақ сынамақпын. Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатына дайындық үстіндемін. Енді халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алғым келеді, – деп ақтарылды спортшы ару.

Айнагүл Серікқызы 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»