ҚОРЖЫНЫ ЖҮЛДЕГЕ ТОЛЫ МҰҒАЛІМ
Қазіргі заман мұғалімдері білімді, зерттеуші, ізденуші, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жаңашыл және жаңа педагогикалық технологиялардың барлық түрлерін меңгерген білікті маман. Осы қасиеттер №37 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бағдагүл Нұрбайыроваға тән.

Бағдагүл Нұрбайырова 25 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі, білікті ұстаз. Жалпақталдың Талдыапан ауылында дүниеге келген ол бала кезінен-ақ анасының жолымен болашағын ұстаздықпен байланыстырған. 1992 жылы Орал педагогикалық училещесін бастауыш сынып мұғалімі, 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша дипломын қолына алған.
– Ұстаз болу – бала кездегі арманым болды. Анам Минара Жұманова Талдыапан ауылындағы мектепте физика пәнінен сабақ берді. Алдымен анама еліктесем, жоғарғы сыныпқа келгенде биология пәнінен сабақ берген ұстазымдай болуды мақсат еттім. Бір сәт сол биология кабинетінде өзім оқушыларға сабақ беріп тұрғанымды елестетінмін. Сол арманым шындыққа айналып, оқу бітірген соң алғашқы еңбек жолымды өзім оқыған кабинетте сабақ беруден бастадым, – дейді кейіпкеріміз.
20 жылдай өз ауылында ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеген Бағдагүл Төлегенқызы осыдан бес жыл бұрын қалаға қоныс аударып, жолдасы Бауыржан Көбенов екеуі бір мектепке қызметке орналасады. Ұжымда сыйлы, жастарға үлгілі маман шәкірттерінің де сүйікті ұстазы. Облыс орталығына жұмысқа тұрғаннан-ақ өзінің жауапкершілігі және терең білімділігімен ерекше көрінді. «Қызыл құлақты тасбақалардың тіршілігі» жобасын жүргізді. Жойылу қаупі бар тасбақаны сыныпта өсіруді бастап, бірқатар зерттеулер жасады. 2016 жылы «Бастауыш сынып оқушыларын қоршаған ортамен таныстыру арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру және дамыту жолдары» тақырыбындағы іс-тәжірибесі қалалық оқу-әдістемелік кабинеті жанынан қала көлемінде таратылды. Ал қазір өзіне бекітілген 2 «а» сыныбымен оқушыларды қоршаған ортаны қорғау, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу мақсатында «Гүл өсіру» жобасын қолға алуда. Сабақтан тыс уақытта гүлдерді күтіп-баптау, бақылау жұмыстарымен айналысатын балалардың бұл жобаға қызығушылықтары зор. Педагогикалық еңбегінде шәкірттерге білім негізін меңгертуде нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, шығармашылықпен жұмыстанып келеді. Ол мұғалім балаларды оқыта жүріп, өзі де оқуды тоқтатпауы қажет деп есептейді.
– Әр жұмысымды сапалы да сауатты жүргізуге тырысамын. Білімімді дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинарларда ашық сабақтар өткіздім. 12 жылдық білім беру бағдарламасы: мазмұны, ерекшелігі» курсынан өттім. Оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескере отырып, жауап берген оқушылардың бағаларына салыстырмалы сипаттама беремін, – дейді ұстаз.
Бағдагүл Төлегенқызы оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау-қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, биік белестерге жетелеуде. Қыры мен сыры мол ұстаздық қызметін абыроймен атқарып, ұстамдылық ұлағатын, адамгершілік қасиеттерін паш ете білген Бағдагүл Төлегенқызының жетістіктер қоржыны жүлделі орындарға, арнаулы марапаттарға толы. Екі жыл қатарынан қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасымен», облыстық «Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескісі» байқауында – бірінші орын, республикалық дәстүрлі интернет олимпиадасында «Құрмет грамотасымен», «Ұлтымыздың бүгіні мен ертеңі білімді ұрпақ қолында» республикалық конференциясында мақтау қағазымен марапатталған. «Білімді ұстаз болса, білікті шәкірт даяр» демекші, алғашқы шәкірттері магистр, докторлықты қорғап, «Болашақ» бағдарламасымен білімдерін жетілдірді. Биология пәнін таңдағандары медицина, ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етіп жүр. Ал қазіргі оқушылары түрлі байқау-сайыстарда топ жарып, ұстаздарының мерейін үстем етуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу