8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2023 1509 0
Қалалықтар қаперіне

Орман өртінен қорғайды


Бүгін орманшылар төтенше жағдайлар департаментімен бірігіп орман өртінің алдын алу бойынша тренинг өткізді. Онда жаңадан алынған техникалардың жұмыс жасау барысы таныстырылды.

Биыл облыстық бюджеттен 1 млрд 187 млн теңге қаражат бөлініп, бұл қаражатқа түрлі маркалы 25 трактор, 13 патруль машинасы, орман шаруашылығына арналған 78 техника жабдығы сатып алынды. Осы техникалардың көмегімен 120 тұтанған жалынның өршуіне жол берілмеген.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуанышқали Есімов мәлімдеді. – Одан басқа, облыс әкімдігінің қолдауымен орман шаруашылығы мекеме-кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қосымша 75 млн теңге бөлінді. Осы бөлінген қаражатқа облыстың орман шаруашылығы мекемелеріне орман өрттерімен күресу үшін арнайы құралдар мен техника (420 рация, 135 аспалы бүріккіш, 80 респираторлық маска, 6 «Водолей» ПКП тіркеме өрт кешені, орман өрттерін тезірек анықтау үшін 4 дрон) сатып алынды. Рациялар орманшыларға түгелдей берілді. Бүгінгі басқосуға 8 орман шаруашылығы мекемесінің орманшылары мен орман қорғау инженерлері қатысуда, – деді облыстықтабиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуанышқали Сергейұлы.

Әрине, қазіргі кезде ұялы телефон, телефон байланыс құралдары бар. Бірақ қалың ормандағы немесе дала өрттері кезінде тұрақты байланыс болмай қалатыны бар. Ал рация қысылтаяң уақытта, әсіресе, өрт кезінде орманшыларға өзара ақпарат алмасуға, байланысуға таптырмайтын сенімді құрал десті мамандар. Рацияның стационар, мобильді және әр орманшыға жұмыс жағдайында пайдалануға қолға берілетін түрлері болады.

Жиында төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Дамир Оразғалиев цифрланған, заманауи үлгідегі рациямен жұмыс істеу, байланыс орнатуды тәптіштеп түсіндірді.

Өңірдегі орманшыларға техника бұдан 16 жыл бұрын бөлінген.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»