8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2020 1085 0
Қоғам

ОРМАН АУМАҒЫН БҮЛДІРГЕН МЕРДІГЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Орал қаласындағы Перевалочно-Набережная көшесінің тұрғындарынан түскен өтінішке сай бүгін мемлекеттік органдар  бұрынғы «Землячка» былғары зауытының аумағына, яғни «Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі, 40/2 мекенжайы бойынша 5 қабатты үйдің құрылысы» нысанына барды. Бұл шараға құрылыс аумағына жақын орналасқан үйлердің тұрғындары да келді. 

Осы аумақта  Тапсырыс беруші «Zhayik City» ЖШС, ал мердігер «Таза Құрылыс» ЖШС құрылыс салуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. Сонымен қатар мердігерлік ұйым Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің Орал орман шаруашылығының мемлекеттік орман қоры аумағына  ағаш және бұталармен бірге құрылыс қоқыстарын төгіп тастаған.

Құрылыс жұмыстары кезінде Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ іргелес жерде мемлекеттік орман қорының аумағы қоқысқа айналған. Осыған байланысты, аталған факті бойынша Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ қызметкерлері «Таза Құрылыс» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 372-бабы 2-бөлігі бойынша «Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қорының жерлеріне өзге де залал келтіру» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Айыппұл сомасы – 35 АЕК, келтірілген залал – 236 130 теңге.

«Таза құрылыс» ЖШС мемлекеттік орман қоры аумағынан барлық құрылыс қоқыстарын жинауды міндетіне алды. Сонымен қатар, аталған ЖШС Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-мен қандай да бір құрылыс іс-шараларын өткізуге келісім алмағаны анықталды.

Қазіргі уақытта тиісті сараптама үшін топырақ сынамалары алынды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»