8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Шілде 2019 1832 0
Өзек

ОРАЛДЫҚТАР БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙТЫНЫН АЙТЫП ШАҒЫМДАНДЫ

19-20 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізілді. Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдады. Арнайы жабдықталған автобустарда тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алды және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алды. 

Қаладағы «Жеңіс» шағын ауданы №21 үй жанындағы арбат тұсында ұйымдастырылған шарада Орал қаласы полиция басқармасы Д.Қонаев атындағы №6 шағын аудан тұрғындарын мазалаған жеке сұрақтарымен қабылдады. Шағын аудан тұрғындары «Қауіпсіз аула» бағдарламасы негізінде орнатылған бейнебақылау камераларының тозғаны, жөнді қызмет көрсетпейтіні, істен шыққаны, күл-қоқысты көшеге лақтыратын адамдарға тиісінше шара қолдануды. Сондай-ақ 4 шағын аудандағы №20 үй маңайына арақ ішкен, төбелесқұмар жастардың жиналуына жол бермеу, т.б мазмұндағы сауалдарын тастады. 6 шағын ауданы №19 үйге мектеп жақын орналасқан, ал осы тұстағы бейнебақылау камерасының жұмыс жасамауы тұрғындардың көпшілігін толғандырады екен.
Ресейлік нөмір тағып, қала ішінде көлік айдап жүрген жүргізушілерге қатысты сауалдар да тұрғындар тарапынан қалыс қалмады. Орал қ.ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Алтай Құсайынов осы мәселемен келген бес азаматтың сұрағын тіркеп алды және арнайы базадан тексеріп, нақты жауабын 3 жұмыс күні ішінде  жолдайтынын жеткізді. 6 шағын аудан №70 үй тұрғындары үй ауласында түннің біраз уақытына дейін шулап,  тыныштықты бұзатын жастарға және №12 үй подьезіне көліктерін қасақана тіреп, иін тірестіре тақап қоятын жүргізушілерге шара қолдануды сұрады. Айтуларынша, ауладағы көліктердің көптігінен не жедел жәрдем, не полиция көлігі жақындай алмайды екен.
Көп қабатты жәйлі пәтерлі үй аулаларында азаматтармен еркін сөйлесіп, ой-пікірлерін тыңдау мүмкіндігі  «Жаңа орда» шағын ауданы №5 үй қасындағы «Адал» дүкені аумағында да өтті. Осы ауданның №7 үй тұрғындары үй аулалары арасымен көліктердің аса үлкен жылдамдықпен қозғалатындарын, қауіпті бұрылыс жасайтындарын баяндап, полиция қызметкерлерінің жасанды жол өтпесін қондыруға ықпал етулерін өтінді.
Сонымен қатар тұрғындарды қабылдау шаралары  №5 және №9 мектеп ауласында ұйымдастырылып,  Әбілқайырхан даңғылы бойындағы «Аяжан» сауда үйі төңірегінде жалғасын тапты.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА,
Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»