8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Желтоқсан 2020 1642 0
Без рубрики

ОРАЛДЫҚТАР 23 МЕКТЕПТІҢ ЗАЛЫНДА СПОРТПЕН ЕРКІН ШҰҒЫЛДАНА АЛАДЫ

  Бұдан былай қала тұрғындары шаһардағы білім ұяларында спортпен еркін шұғылдана алады. Бүгін кешкісін қаладағы №47 орта мектептің спорт залында  өткен салтанатты шарада БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов оралдықтарға жағымды жаңалықты жеткізді. 

      

–    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне басымдық беру қажетін айтқан болатын. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғындарды бұқаралық спортқа және салауатты өмір салтына  баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында кешкі уақытта және демалыс күндері қала мектептерінің спорт залдары тұрғындарға спортпен шұғылдануға берілмек. Бастысы карантиндік талаптар сақталуы тиіс, – деді жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Есендияров.

 

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Бақытжан Қаберұлы короновирусты жеңудің бірден-бір жолы спортпен айналысу екенін тілге тиек етіп, спортпен айналысқан адам кез келген ауруға қарсы тұра алатынын жеткізді.  – Қаладағы мектептердің спорт залдарын тұрғындардың игілігіне пайдалануға беру облыс әкімі Ғали Есқалиевтың ұсынысымен жүзеге асуда. Спорт – денсаулық кепілі. Енді барша спортсүйер жандарды  қаладағы 23 мектептің жаттығу залдарынан күтеміз,  – деді Б.Қаберұлы.

Ал спорт ардагері,  дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бердіғали Төлегенов жаман аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарға қалаған уақытында спортпен шұғылдануға рұқсат беріп, жағдайларын жасап жатқан жергілікті билік өкілдеріне алғыс білдіріп,  спорт залға келушілер санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керегін ескертті.  Бұдан соң №47 мектептің спорт залындағы салтанатты шара волейбол ойынына жалғасты.

Айта кету керек, мектептердің спорт залдары жұмыс күндері кешкі сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс күндері таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін спортты серік еткен жандарға есігін айқара ашады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»