8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2021 1902 0
Қоғам

ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДЫ ҚАЛАЙ БАСТАДЫ

Қазақстанның барлық өңіріндегі мектептерде IV оқу тоқсаны басталды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, балалар аралас форматта оқуға баруда. Орал қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаладағы 51 мектепте 34334 оқушы дәстүрлі түрде, ал, 1-5 сыныптың 1848 оқушысы ата-аналарының өтінішіне сәйкес қашықтан оқиды.

Оқушылар негізгі пәндерді дәстүрлі, қалған пәндерді қашықтан оқи береді. Мәселен, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерді қашықтан оқуға мүмкіндік алды. Ал, дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізіледі.

Қазіргі таңда 1-5 сыныптарда жалпы 30086 оқушы болса, оның 28238 оқушысы штаттық режимде оқып отыр, ал қалғандары ата-аналарының өтініші бойынша онлайн форматта оқиды. 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары онлайн форматта «онлайн мектеп» платформасы арқылы білім алуды бастады.  9,11 сыныптың 6096 оқушысы аралас форматта білім алуда.

Мектептерде барлық санитарлық талаптар сақталып оқу үрдісі ұйымдастырылуда. Атап айтқанда: мектептерде медицина қызметкерлері барлық қызметкерлермен білім алушылардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізеді (термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру);

Барлық мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мектеп әкімшілігі қадағалайды. Сонымен қатар мектептерде кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызметкермен бірге  температураны байланыссыз термометрмен өлшеп, персоналға нұсқау беріп, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстырып, дезинфекциялап, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалап, нұсқаулық, термометрия  журналын жүргізеді.

Барлық үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кіші қызметкерлер есік тұтқаларын,  сантехника  жабдықтарын күніне кемінде 2 рет ылғалды жинайды.

Оқушылар мен персоналдың қолдарын өңдеу үшін әр қабатта, әр сыныпта, санитарлық тораптарда қол жетімді жерлерде тері антисептигі қойылды, диспенсерлер және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтар орнатылды. Әр ауысымда бір-бірінен 1,5 метрден кем емес қашықтықта 1 парта 1 балаға бекітілген.   Әрбір сынып бөлмелерде, сондай-ақ жалпы мектеп ғимаратында  қашықтық сақтауға арналған белгілер салынды.

Барлық мектептерде сабақ кестелері құрылып, екі ауысымда кесте бойынша сабақ жүргізілуде.

2020 жылғы 1 мамырдағы облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевтің төрағалық етуімен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша өткен кеңес хаттамасының 4-ші тармақшасын орындау мақсатында  қаланың білім беру ұйымдарында  қашықтан оқыту мен кезекші топтарындағы оқу үрдісі кезінде  санитарлық-талаптардың сақталуына зерделеу жүргізу үшін мониторингтік топ құрылған.

Мониторингтік топ апта сайын мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың сақталуын зерделеп, нәтижесі талданып, ескертулер бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар мониторинг топ жұмысының нәтижесі білім басқармасына жолданады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»