8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2020 1237 0
Өзек

ОРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР 2312 ТЕҢГЕНІҢ ДӘРІСІН 5000 ТЕҢГЕГЕ САТҚАН

        Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп дәрі-дәрмекпен алыпсатарлықты анықтау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Прокуратура, Экономикалық тергеу департаменті, полиция департаменті қызметкерлерінің мобильді тобы дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың жеті фактісін және дәрі-дәрмектерді рұқсат құжаттарынсыз сатудың 3 фактісін анықтады.

Мәселен, 8 шілде күні экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында «Арбидол» препаратының бір орамын 5 000 теңгеден сату фактісін анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығында көрсетілгендей препаратқа 2 312 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген. Осылайша, жосықсыз кәсіпкер Орал қаласы аумағында дәрі-дәрмектерді 100% артық бағамен сатқан.

Дәріхана иесіне қатысты материал ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау департаментіне берілді (дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаның артуы).

«У» есімді азамат  «Цеф-3» антибиотиктерін рұқсат құжатсыз қайта сатуды жүзеге асырып, заңсыз фармацевтикалық қызметті жүзеге асырған.  9 шілде күні бұл азамат ӘҚБтК-нің 424-бабының 1-бөлігі бойынша (заңсыз фармацевтикалық қызмет) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәллім еткендей, денсаулық сақтау министрінің 15.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен дәрілік заттарға шекті белгіленген  бағаларды көтеру бұзушылық болып табылады және заң бойынша қудаланады.  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 69-бабына сәйкес дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада өткізу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, дәрілік заттардың бағасын көтеру фактілері туралы 8 (7112) 51-06-96 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»