8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2020 1092 0
Өзек

ОРАЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 104 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛДІ

2020 жылдың 7 айында Орал қаласы аумағында 1086 ұрлық фактісі тіркелді. Соның 611-і ашылған. Осы деректердің ішінде пәтер ұрлығы бойынша 104  факті тіркелген.  Полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде 50 факті ізі суымай ашылды (2019 жылдың 7 айында 173 пәтер ұрлығы тіркелді, соның 54-і ашылды). Бұл туралы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің  берген мәліметтеріне сүйенсек, көп жағдайда ұрылар кілттерді үйлестіріп ашу арқылы және пластик терезелерді ішке қарай итеріп ашу арқылы үйге кіреді екен. Сонымен қатар үй құрылыстары жүріп жатқан, нысанның құрылысы әлі аяқталып бітпеген, қожайындары көшіп бармаған жаңадан салынған тұрғын үйлерді ұрылар жиі нысанаға алады.  Себебі, әлбетте, тұрғын-жай қараусыз тұрады, ол үйді қарауылдап күзетіп төңірегінің қауіпсіздігін қадағалайтын күзетші болмайды, сигналдық жүйелері де әп дегенде  орнатылмайды. Сол себепті, соңғы кездері жаңадан салынып құрылысы  мен жөндеу жұмыстары аяқталмаған үйлерге ұры түсу фактілері көбейді.

– 2020 жылдың 26 маусымында, сағат 17.30-да Орал қаласы аумағында тағы бір пәтер ұрлығы тіркелді. 1989 жылғы еш жерде жұмыс жасамайтын  Теректі ауданының тұрғыны Орал қаласы, Охотный көшесіндегі бір жер үйдің пластик терезелерін ішке қарай итеріп ашып, үйге кірген. Қолына ең бірінші ілінген корпусы қара  түсті «Самсунг» маркалы телевизорды ұрлап, үйден шығып кеткен. «Телевизорың құны 120 мың теңге еді, өзім сатып алғанмын» деген үй иесі басқармаға арыз жазды.  Бүгінгі күні күдікті пәтер ұрлығына жол бергенін мойындады, ұрлаған  телевизорды сатып жіберіп, сатқан ақшаны өз қажетіне жаратқан.  Маусым айында Орал қ.ПБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 тармағымен қылмыстық іс қозғап, іс тергелді, – дейді басқарманың баспасөз хатшысы Гүламан Исмағұлова.

Пәтер ұрлығының жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері жәйлі пәтерлі үй мен жер үй секторы тұрғындарының дабылдатқыш қондырғыларын орнатып, терезелерді темір қоршаумен бекітулерін сұрайды.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»