8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2019 2198 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Оралда жаңа жеке балабақша ашылды. Төртінші шағынауданда жұмысын бастаған мектепке дейінгі білім беру ұйымы 250 бүлдіршінді қабылдауға дайын. Бөбекжайдың жұмысымен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков танысты.

«Сәби» деп аталатын балабақшаның бұл бесіншісі. Құрылтайшысы Мұрат Қуанышқалиевтің айтуынша, «Сәби» балабақшалар желісі бес жылдан бері мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап келеді. Әр бөбекжай өзіндік ерекшеліктерге ие. Барлығы да арнайы мамандандырылған бағдарламамен жұмыстанады.

Жаңа бөбекжайда бүлдішіндердің ой-өрісін дамытудан бөлек тұзбен емдеу, массаж, ағылшын тілін үйрету және каратэмен айналысу, би өнеріне баулу сынды қосымша қызметтер көрсетіледі. Балабақшаның ашылуымен нысанда 40 жаңа бос жұмыс орны ұйымдастырылып отыр.

– Ғимаратты иесімен келісім жасап, бес жылға жалға алып отырмыз. Бір ай бұрын мұнда балабақшаға бейімдеу жұмыстарын бастап, бөлмелерді жабдықтадық. Қазір үш топ бойынша ұжым жинақталды. Бүлдіршіндермен білікті, тәжірибелі мамандар жұмыстанатын болады,  – дейді «Батыс Сәби» ЖШС құрылтайшысы Мұрат Қуанышқалиев.

Бүгінгі таңда қала бойынша мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың жүйесі жақсы дамып келеді. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау аз емес. Қала әкімінің сөзінше, балабақшалар үшін жан басына қаржыландыру мөлшері жыл санап ұлғаюда. Мәселен, былтыр мемлекеттік тапсырыс алып отырған балабақшалар үшін әр балаға 19 354 теңгеден төленсе, биыл 27 502 теңгеге көтерілген.

– Бұған дейін жеке балабақшалар өз пайдасына ғана жұмыс жасайтын. Қазір жеке балабақшаларда қызмет көрсету сапасы жоғары екенін көріп отырмыз. Яғни, осы балабақшаға келетін балғындар үшін бүгінгі заманға сай тәрбие алуына, жетілуіне толық жағдай жасалған. Егер мемлекеттік балабақшалар өз функционалдық міндеттерін мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырып жатса, жеке балабақшалар оның одан әрі дамуына үлес қосады деп ойлаймын, – дейді қала әкімі Абат Шыныбеков.

Қазір Орал қаласында 50 мемлекеттік, 58 жеке балабақша жұмыс жасайды. Бес жасқа дейінгі кезекте тұрған балғындардың саны – 16 234. 3-5 жас аралығындағы балғындардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылу көрсеткіші – 99 пайыз. Қаланың солтүстік-шығыс шағынауданында және Зашаған кентінде жаңа үйлердің көбірек салынып, халық санының өсуіне байланысты балабақшаның тапшылығы байқалуда. Дегенмен, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес болашақта салынатын көпқабатты үйлердің бірінші қабаттары бос кеңістік ретінде жобаланып, әлеуметтік мекемелер үшін, атап айтқанда, учаскелік немесе амбулаторлық пункттер, балабақша, шағын орталықтар есепетелетін болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»