ОРАЛДА ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, жастарға кеңес беру бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күніне орай шағын футболдан турнир өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спорттық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған турнирға мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер, Орал қаласы тұрғындарынан құралған 10 команда қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды мемлекеттік кірістер департаментінің «Достық» командасы, 2 орынды «Ақжайық жастары», 3 орынды «Орал жастары» командасы иеленді.
«Үздік ойыншы» аталымы Ерлан Тажғалиевке, «Үздік қорғаушы» Ербол Сарсенбаевқа, «Үздік шабуылшы» аталымы Мерген Сүлейменовке бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен кубоктар, арнайы сыйлықтар табысталды.
Үміт Ізтелеу, Орал қаласы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу