8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қыркүйек 2020 1597 0
Спорт

ОРАЛДА ЖАҢА ЖҮГІРУ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 24 қыркүйек күні Орал қаласында жүгіру жолы ашылды. «Лепесток» тынымбағында салынған жүгіру жолының ұзындығы – 500 метр. Көпшілік бұқаралық спортты дамытуға  қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен спорт саласының ардагерлері мен жас атлеттер, қала тұрғындары қатысты.

 

«Омега» көпірі маңындағы жайлы демалыс орнына айналған «Лепесток» тынымбағы балаларға арналған ойын алаңымен жабдықталған. Енді тынымбақ арнайы жүгіру жолы және волейбол алаңымен толығып отыр. Нысанның ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жиналғандарды «Қала күнімен» құттықтап, тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау жалғасатынын айтты.

– Бүгін қаламыз үшін маңызды күн – облыс орталығында бірнеше  спорттық нысан ашылуда. Соның бірі – жаңарған көпірдің жанындағы тынымбақта жаңа жүгіру жолы пайдалануға берілуде. Бұған дейін Тұңғыш Президент алаңында осындай жүгіру жолы ашылған еді. Яғни, бұл тартан жабындысы бар қаламыздағы екінші жүгіру жолы. Қаламызда спортсүйер қауымның саны жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі жеткіншектеріміз болашақта түрлі жарыстардың тұғырынан орын алар чемпиондарымыз, Сондықтан бұл жұмыс жалғасын тауып, алдағы уақытта Зашаған кенті аумағынан және қала орталығынан алаң салу жоспарлануда, – деді Бақытжан Хаберұлы.

Спорт ардагері Мұрат Тілегенов шаһарда тұрғындар игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, жасөспірімдердің биік шыңнан көрінуін тіледі.

Қалалық дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, тынымбақта жағажай волейболын дамытуға басымдық беріліп, жаз маусымында балалар арасында жарыстар ұйымдастырылатын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
127 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
135 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
262 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
529 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
582 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
651 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»