8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2021 4826 0
Спорт

ОРАЛДА ЖАҢА СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі пайдалануға берілді.

Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын мектепті «АОЗТ КПО б.в» компаниясының тапсырысымен «KazConstructionGroup» ЖШС салған. Спорт мектебінде волейбол, баскетбол, гандболға арналған ойын залы, боксшыларға арналған қос ринг бар. Сонымен қатар велоспорт, триатлон, садақ атудан жаттығады. Ғимараттың барлық залдарында заманауи жабдықтар орнатылған.

—Халықтың денсаулығы — кез-келген мемлекеттің басты байлығы. Себебі спортпен айналысатын, салауатты ұрпақтан ел дамуына үлес қосатын азаматтар көп шығады. Елбасымыз осыдан бірнеше жыл бұрын еліміз бойынша кемі 100 дене шынықтыру кешендерін салу туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында облысымызда 10 ірі спорт кешендерін пайдалануға бермекпіз. Тағы да қуантарлық жайт, дене шынықтыру нысандарын ашуға тек мемлекет қаржысын жұмсамай, жеке секторды да тартудамыз. Осы орайда, кәсіпкерлердің көмегі зор. Бүгінгі ашылғалы отырған спорт кешені соның айғағы. Бұл қала күні мерекесіне үлкен тарту болды, — деді  облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуына бокстан олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокстан IBF Inter-Continental тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Данияр Елеусінов арнайы келді. Даңқты жерлесіміз оралдықтарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, мектептің болашақ чемпиондар тәрбиелейтін орталыққа айналуына тілектестігін білдірді.

Мектептің директоры Есенгелді Айсағалиевтің айтуынша, мектепте  10-23 жас аралығындағы 600-ден астам балалар мен жасөспірімдер жаттығады. 37 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

– Бұрынғы мектебіміз ескі ғимаратта орналасқан еді. Аумағы 600 шаршы метр. Сол себепті жаттығу жүргізу үшін қаладағы 5  залды жалға алуға мәжбүр болдық. Жаңа ғимаратымыз 2000 шаршы метр – волейбол, футболға арналған спорттық зал, бокс залы бар. Мектебіміздің шәкірттерінің жетістіктері жоғары – биыл жасөспірім балалар өз топтарында, қыздарымыз өз тобында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионы, V Жастар ойындарының күміс жүлдегері атанды. Садақшы қызымыз Алина – Қазақстан Республикасының жеңімпазы. Токиодағы олимпиадаға сәл ғана ұпай санының жетіспеуі себепті жолдама ала алмады. Дегенмен, 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадаға қатысады деген сенімдеміз, – деді мектеп директоры Е.Айсағалиев.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»