8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2020 1407 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ЖАҢА КӨТЕРМЕ САУДА ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Орал қаласы әкімдігі  қала орталығындағы заңсыз көтерме сауда орындарын шеткі аймақтарға көшіру шараларын жалғастыруда. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің  мәліметінше, бұл жұмыстар тек қала орталығына келетін көлік пен адамдардың ағынын реттеп қана қоймайды. Бірінші кезекте облысымыздың тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылық құрылымдарына маусымдық сауда жасау үшін қолайлы орын ұйымдастыру, логистикасын оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Осыған дейін орталықтағы бау бақша және көкөніс өнімдерінің көтерме саудасы қаламыздың солтүстік шығыс аумағында орналасқан «Ел ырысы» базарына көшірілген еді. Бүгінде қолайлы жағдайлар жасалып, базар әкімшілігі кезең-кезеңімен тауар өндірушілердің сұраныстарын қанағаттандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында облысымыздың негізгі тауарөндірушілерінің сұранысы негізінде қала әкімдігі мен «БАСК» ЖШС келіссөз жүргізіп, шаһардың Атырау және Саратов тас жолы бағытындағы «Мамандандырылған халыққа  қызмет көрсету орталығы» аумағында екінші маусымдық көтерме сауда орнын ұйымдастырмақ.
Көтерме сауда аумағында қатқыл табанды төсеніш төселген алаң, жарықтандыру, көліктерге арналған ыңғайлы кірме және шығу жолдары, әкімшілікпен кәсіпкерлерге қосымша қойма орындары қарастырылған. Сауда алаңы аумағында арнайы  мамандандырылған ХҚО қызметінен басқа, ірі сауда орталығы, асхана ғимараттары бар. Тұрғындар үшін қаланың барлық аудандарына бағыт алатын қоғамдық көлік маршруты мен аялдамалар тұрақты қызмет көрсетеді. Көтерме сауда орындарының абаттандырылуы мен тазалығын меншік иесі өз есебінен жүргізуде. Тауар өндірушілерге сауда жасау мүмкіндігі тегін ұсынылады.
Сауда алаңының жұмыс уақыты 2020 жылдың 12 тамызынан бастап, күн сайын таңғы сағат 05.00-ден 10.00-ге дейін.

Қала әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерін және қызығушылық танытқан кәсіпкерлік субъектілерін арнайы белгіленген көтерме сауда алаңдарына шақырады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 707 617 1254 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

http://zhaikuni.kz/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»