8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қараша 2019 2244 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ЖАҢА АВТОБЕКЕТ АШЫЛДЫ

 Оралда «Hazar» атты жаңа автобекет ашылды. Салтанатты рәсімге Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков қатысып, жолаушылармен бірге жаңа нысанның тынысмен танысты.

 

«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС-ның негізгі бөлімшелерінің бірі саналатын автобекет Орал қаласын облыс аудандарымен, еліміздің облыс орталықтарымен және  Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен байланыстырады. Автобекет қызметін бүгінде 12 қазақстандық және 6 ресейлік тасымалдаушы компаниялар пайдаланып отыр. Оған қоса биыл Орал-Қазан бағытындағы халықаралық маршрут қосылды. Автобекет арқылы жалпы 40 ауданаралық, екі облысаралық, алты халықаралық маршруттар қатынайды.

Бұрынғы автобекет маңынан салынған жаңа ғимараттың аумағы 900 шаршы метр. Тәулігіне 1000 адамды қабылдау қуаттылығына ие.

–  Мемлекеттің тарапынан орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға жан-жақты көмек-қолдау көрсетілуде. Жаңа аутобекеттің  ашылуы – бәрімізге ортақ  қуанышты оқиға. Кәсіпкерлік саласында өзіндік орны бар, жолаушыларға қызмет көрсетіп жүрген «Батыс Қазақстан автобус паркі» компаниясының құрылтайшысы өздерінің бастамасымен аутобекетті жаңадан салып, соның нәтижесінде жарық әрі кең, жолаушыларға ыңғайлы, қызмет көрсетудің барлық түрін ұсынатын аутобекетті іске қосты. Жаңадан 50-ге тарта жұмыс орны ашылды, – деген Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков автобекет ұжымына сәттілік тіледі.

Құрылтайшы Марат Әбдірахмановтың айтуынша, автобекетті жаңартуға 158 млн. теңге инвестиция құйылған. Компания басшылығының шешімімен аутобекетті қайта құру және дамыту жобасы екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңдегі құрылыс-монтаж жұмыстарын «АлексСнабСтрой» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізген болатын. Яғни, биылғы мамыр айынан қазан айына дейінгі уақытта жаңа автобекет ғимараты, 300 орындық автотұрақ салынып, ғимарат аумағы асфальтталған. Абаттандырылып, 400-дей ағаш отырғызылды. Ғимарат сыртына 60-тан астам жарықшамдар орнатылды. Аумақты бақылау 45 бейне камера арқылы жүзеге асырылады.

Мұнда жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Күту залы жарық әрі жылы. Ана мен балаға арналған, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жабдықталған бөлмелер бар.  Жүк сақтау орны, медициналық бөлімше,  полицейлер мен күзет бекетіне орын белгіленген. Бұдан бөлек, жолаушылар курьерлік қызмет, «Талап» дәріханасы, валюта айыбастау пункті, сауда бутиктері, банкоматтық терминалдардың қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ жолаушылар үшін автобекет аумағында интернетке тегін қосылу мүмкіндігі бар. Барлық бағыттағы халықаралық аутобус бағыттарына билетті он-лайн режимінде сатып алуға болады.

Екінші кезең  2020 жылға жоспарланып отыр. Яғни, келер жылы 130 орындық қонақүй, коммерциялық мақсаттағы қосымша алаңдар мен автотұрақ салынып, аумақты абаттандыру жалғасады.

Салтанатты шара барысында жергілікті әншілер әндерін тарту етті. Жолаушылар арасында «Бақытты билет» ұтыс ойыны ойнатылды. Бақытты билет иелеріне сатып алған билеттерінің ақшасы компания есебінен өтелді.

Атап өту керек,  автобекеттің бұрынғы ғимараты «Светофор» дүкеніне жалға берілген. Өндірістік тауарлар дүкені желтоқсан айында ашылады деп күтілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»