ОРАЛДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ АЛАҢЫНДА ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Полиция пункті бейнебақылау жүйесімен және замануи цифрлық техникалармен қамтылған.

Бұл азаматтардың өтініш-шағымдарын жедел қарауға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінсіз, азаматтармен қарым-қатынастың ашықтығын қамтамасыз етеді.
– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен халық тығыз орналасқан аудандарда және базарлар мен ірі сауда үйлері маңында жаңа стационарлық, модульді полиция пункттері ашылуда. Ақсай қаласында бес стационарлық бекет жұмыс жасауда. Орал қаласында да бес полиция пункті ашылатын болады, – деді БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншин.
Эльмиира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу