Оралдағы құрылыс жұмыстарын қадағалады
Бүгін, 11 тамыз күні түсауа облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал шаһарында құрылыс жұмыстары жүріп жатырған нысандарды аралап көрді. Алдымен, өңір басшысы ресми сапарын Курени маңындағы Жайық өзенінің жағасынан бастады. Мұнда адам айтса нанғысыз аса күрделі жобалар жүзеге асуда. Яғни, Жайық өзенінің айналасы биік қоршаумен қоршалуда. Былтырғыдай төтенше жағдай бола қалса, (әрине, бетінен аулақ) тасыған су қалаға қарай шықпайтындай мықты бекініс салынуда. Сол секілді жасыл желегі жайқалған, халық көп жүретін Стелла ескерткішінің айналасы да түгел жаңартылуда. Бұйыртса, 22 – қыркүйекте өтетін Орал қаласының дәстүрлі мерекесінде аталмыш нысан пайдалануға берілмек. Құрлысы қызған Жайықтың жағасы сән-салтанаты келіскен үлкен бір қалашыққа, сұлулығы көз тартар әрі сапалы саябаққа айналатынына сенім мол.
Бұдан соң БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ақпан айында күрделі жөндеуге жабылған А. Островский атындағы орыс драма театрына, соңғы жылдары жөндеуі жұмысы «жыр» болған Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрына аяқтай барды. Жергілікті журналистер де облыс әкімінің қолдаумен осы екі өнер шаңырағындағы жөндеу жұмыстарын өз көздерімен көрді. Жиырма үш жылдай жөндеу көрмеген А. Островсий театрының іші мен сырты заманауи ғимаратқа айналатын болады. Мұндағы құрылыс компаниясының басшысы Асыланбек Тыныштықбайұлының айтуынша, келісімшарт бір жылға жасалыпты. Алайда, театрды уақытынан бұрын жөндеп, тапсыруға ынталы екендерін жеткізді.
Көзайым көрерменмен қоса, театр ұжымы екі жылдан бері елеңдеп, күтіп отырған Хадиша театрына келсек, жөртеледен басталған жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Кезінде жертөлесі суға кетіп, жылу құбырлары жарылып, істен шыққан театрдың ең төменгі қабаты түгелдей жаңару үстінде. Өңір басшысы Н. Төреғалиев театрдың жертөлесінен енді су кетпеуін, сәулетті ғимарттың құрлысын сапалы жасауды жауапты мердігерлерге мықтап тапсырды. Бүгінгі жұмыс сапарын Сырым Датов атындағы алаңнан аяқтаған БҚО әкімі Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдерінің өтініші бойынша қысқа-нұсқа сұқбат берді. (Ведиосы бар).
Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,
Суретке түсірген Мәди САЛЫҚ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру