8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2020 1788 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ МАҢЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Жол-көлік оқиғаларының себептері тек көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы ғана емес, сонымен қатар жол жамылғысының сапасымен де байланысты. Көшелердің  жарықтандырылмауы, жол белгілерінің, тротуарлардың болмауы салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Мысалы, Орал қаласындағы №17 және №19 орта мектептер Хиуаз Доспанова көшесінің бойында орналасқан, онда оқушылар мектептен шығып, жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жолды кесіп өтеді. Сондай-ақ, №7 орта мектеп орналасқан Әбубәкір Кердері көшесінің жүріс бөлігі жарықтандырылмаған. Бұл туралы 15  қыркүйек күні қала әкімдігінде шаһар басшысы Абат Шыныбековтың төрағалығымен бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөнінде өткен кеңейтілген кеңесте жан-жақты талқыланды.

–   Мемлекет басшысы Жолдауында балалар қауіпсіздігі мен оларды қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару керегін атап өткен болатын. Осы мақсатта облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде арнайы іс-шаралар жоспары қолға алынды. Балалардың қауіпсіздігіне тек мектеп қана емес, барша қоғам болып атсалысуымыз қажет. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселе – қала көшелеріндегі бала қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз ету.  Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтарды болдырмау мәселесі де өзекті. Осы келеңсіз мәселеге тойтарыс беруіміз қажет,  – деді жиынды ашқан Абат Абайұлы.

Күн тәртібінде қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қала көшелері мен жолдарында оқушылардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына тоқталды.

– Ең алдымен, елдің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі –балалардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ  жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы екенін баса айтқым келеді. Қалада 24 учаскелік полиция бекеті бар, олардың әрқайсысына қаладағы білім беру ұйымдары бекітілген. Жаңа оқу жылының басында 48 білім беру ұйымы балаларды өз ғимаратына қабылдады. Қала мектептеріндегі мектеп оқушыларының саны 51822 баланы құрайды, оның 20446-сы, яғни  бастауыш сынып оқушылары жүйелі түрде оқуды бастады. Білім ұяларының 75 пайызы автомобиль жолдарының қиылысында, қалғандары – жеке тұрғын үйлердің арасында орналасқан. Жол желісі мен білім беру мекемелерінің жанындағы тұрғын-жайлар ерекше назар аударатын салаға айналды, – деген Бақытжан Қаберұлы қала әкімінің тапсырмасына сай мектептердің айналасындағы инфрақұрылым зерттеліп, нәтижесінде жасалатын жұмыстар нақтыланғанын жеткізді.

Оның айтуынша, қаладағы 10-нан астам мектептің көшелерінің бойында жарықтың жоқтығы анықталған. Мысалы, Кердері көшесінде орналасқан №7 орта мектеп маңы не жарықтандырылмаған, не тіректер жоқ. Осы көше бойында №21 мектепке дейінгі ұйым орналасқан. Сондай-ақ білім ұясы  №4, №17, №19, №28, №35, №39 мектептер секілді қылмыс деңгейі жоғары учаскелік полиция бекеттерінің аумағында орналасқан. Бұдан өзге №39 мектеп орналасқан Механова, Оразбаева көшелері де жарықтандырылмаған. Ал Кокчетавский көшесі қосымша жарықтандыруды қажет етеді. Мектеп №12 аудандық полиция бөлімшесінің аумағында орналасқанын ескерсек, онда полиция бөлімінде есепте тұрған 110 адам, қамау орнынан оралған 23 адам, пробациялық бақылаудағы 4 адам, қолайсыз отбасылар мен азғындық өмір салтын ұстанатын отбасылар тұрады. Ағымдағы жылы бұл аумақта кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар тіркелген, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық та болған…

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2020  жылғы 17  қыркүйек күнгі №36 санынан оқи аласыздар.

P.S. Бұған дейін ата-аналар Орал қаласындағы №6 мектептің де айналасына жарық шамдар қондыруды, айналасында көліктің көп жүретінін және арақ-шарап сататын дүкеннің жұмыс істеп тұрғанын ескертіп, редакциямызға телефон қоңырауын шалған болатын. Яғни, осы алтыншы мектептің Қ.Аманжолов көшесіне бұрылатын жағында жарық шамдары мүлдем жоқ. Айналасы өте қараңғы. Мектеп ғимартының осы Аманжолов көшесіне қарайтын бөлігінде құлауға шақ тұрған ескі теректер тым көп. Бұл мәселені жіті қолға алып, жарық шамдарын орнату керек. Екі кішкентай камера теректің тасасынан көрінбейді. Сондықтан өткен-кеткен адамдар темекі шегіп, сыра ішіп мектептің іргесінде демалып отырады. Көліктер әрлі-берлі көп жүреді. Мектептің дәл қасындағы Аманжолов көшесінде азық-түлік дүкені орналасқан. Онда арақ-шарап, сыра үздіксіз сатылады. Негізі дәл мектептің маңайында ішімдік сататын дүкендер болмауы тиіс!  Осы маңайда облыстық сот, күзет мекемелері орналасқан. Алайда, жоғарыда аталған жайттарға нақты көңіл бөлінбей келеді. Осы аталған мәселелердің де дұрыс шешімін табуын тиісті органдар қадағаласа деген қала тұрғындарының және ата-аналардың өтінішін орайы туғанда жеткізуді жөн көрдік.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»