8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2020 2305 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫН АШАДЫ

Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағы 1 маусымда ашылады деп күтілуде.  Жаздың уақытында саябақта сауда-саттық ұйымдастыруға ниетті кәсіпкерлерден өтініштер қабылдау басталды. Сондай-ақ орындарды жалға беру адамдардың қатысуынсыз ашық түрде жүргізілуі үшін өтінімдер zko-park.kz сайты арқылы электронды түрде қабылданады.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы еліміздегі ең көне саябақтардың бірі және тарихи маңызы бар нысандар қатарына жатады. Биыл саябақтың ашылғанына – 180  жыл. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Серік Қайырлиевтің айуынша, бүгінде айтулы мерейтойға орай дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мерекелік логотип дайындалуда, саябақ туралы бейнероликтер түсіріліп, карантин режимі аяқталған соң театрландырылған концерттік бағдарлама ұйымдастыру жоспарланған.

Жылда саябақтың маусымдық ашылуы  1 мамырдан басталатын еді, биыл карантин жағдайына байланысты 1 маусымға жоспарлануда. Дегенмен, эпидемиологиялық ахуал ескеріледі.

– Биыл бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарладық. Қазіргі уақытта гүлдер отырғызылуда және тегін суға түсу орындары дайындалуда. Облыс басшысының тапсырмасы аясында құрылған жұмыс тобымен бірге саябақты одан әрі көркейту  мәселелері талқылануда,  – деді Серік Ерболатұлы.

Облыс басшысының, қала әкімінің тапсырмасымен саябақтың электронды сайты жасақталған болатын. Саябақта қызметін жүзеге асырушы кәсіпкерлер орынды жалға алу үшін осы сайтқа кіріп, қажетті функция арқылы өтініш бере алады. Бұл цифрландыру заманында адами факторларды жою мақсатында қолға алынған қадам. Сайт арқылы түскен өтініштер жеті күн ішінде қаралады. Өтініштерді қарау екі сатыдан тұрады. Алдымен саябақ әкімшілігі құжаттардың толықтығын тексереді, екінші сатыда өтініш қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан құралған комиссияның қарауынан өтеді. Бөлім басшысы Серік Қайырлиев  төрағалық ететін комиссия құрамында қоғамдық кеңес, қоғамдық ұйым өкілдері және депутаттардан жалпы 13 адам бар. Комиссияның қорытындысы хаттама түрінде аталған сайтқа жарияланады.

Саябақ директоры Бек Жәңгіровтың сөзінше, саябақ аумағындағы сауда орындары жылдағыдан 30  пайызға қысқарған, нақтыланған және орын шектеулі, яғни саябақ әкімшілігі сауда орындары үшін 20 шатыр ғана әзірлеп отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»