03 Шілде 2021 2781 0
ҚоғамОРАЛДАҒЫ ДИНА НҰРПЕЙІСОВА АТЫНДАҒЫ САЗ МЕКТЕБІНДЕ МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Ұлттық домбыра күні қарсаңында және дәулескер күйші, сазгер Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай Оралдағы Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебінде мұражай ашылды.

Саз мектебінің негізі 1934 жылы қаланған. 1955 жылы мектепке Д.Нұрпейісованың есімі беріліп, 1977 жылы өнер ордасы жаңа ғимаратқа көшірілген. Қазіргі таңда мектепте 1700 бала тәлім алады. Оларға 200-дей мұғалім домбыра, қобыз, фортепиано, хореография, театр өнері және т.б. бағыттар бойынша сабақ береді.
Мұражайдың ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев құттықтау сөз сөйледі.
— Мәдениетіміз бен тарихымызды еске салатын бірден бір шоқтығы биік өнер қашанда жоғалмайды. Осындай саз мектебінде мұражайдың ашылуы — күй өнерінде есімі қастерлі, аңыз адамға көрсетілген құрметтің бір белгісі. Игі бастамалар көбейе түссін, тарихымызға қатталар тағылымды дүниелер қатары арта берсін, — деді Ерлан Ерсайынұлы.
Мұражайда мектеп тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, музыкалық аспаптар, кітаптар бар. Жалпы, мұнда 250-ге тарта жәдігер қойылған.

zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Өзек
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
05 Желтоқсан 2025
28 0
Медицина
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
04 Желтоқсан 2025
115 0
Өзек
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды
02 Желтоқсан 2025
148 0
Өзек
Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады
22 Қараша 2025
455 0

Кіру
Пікір үстеу