8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2020 2650 0
Спорт

ОРАЛДАҒЫ АЛТЫ СПОРТ АЛАҢЫ ЖАҢАРДЫ

Соңғы 10 жылдың ішінде Оралда 52 спорттық алаңы салынды. Олардың барлығы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі «Орал спортық клубының теңгерімінде. Уақыт өте келе бірқатарының қоршаулары, қақпа-қалқандары бүлініп, жабындарының тозығы жеткен. 

Спорт клубының директоры Есқабыл Жалмұрзиевтің мәліметінше, спорттық алаңдардың жасанды жабындарын ауыстыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, алты алаңның жасанды жабыны жаңартылып отыр.

– Жабындар 5-6 жылға төзуі керек. Бірақ, климаттың әсері де коррозияға әкеледі. Әрі қолдануға байланысты. Біз тазалығын жүргізіп, бүлінген жағдайда бригадамен келіп жөндеу жасаймыз. Спорт алаңдары құлыпталмайды, тәулік бойы ашық. Сондықтан тұрғындардың өздері де күтіп-ұстауға мүдделі болса дейміз, – дейді Есқабыл Әбілшақұлы.

Қазіргі жаңартылған алаңдардың барлығы 9-10 жыл бұрын салынғандар. Мәселен, С.Датов көшесі бойындағы спорт алаңы 2011 жылы қолданысқа берілген. Жаңа Орда, 3, Строитель, 43,  Назарбаев 203, И.Тайманов, 176 мекенжайларындағы және Круглоозерный оауылындағы алаңдардың да салынғаны 10  шақты жыл өтіпті. Әбден тозып, жабыны жыртылып, топыраққа айналған алаңдарға бетон құйылып, жасанды көгал, резеңке жабын төселген. Жаңарту жұмыстарын «Алтын ел» жеке кәсіпкерлігі жүргізді.

Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Артур Шерғалиевтің айтуынша, өткен жылы шаһардағы жеті алаңның жасанды жабыны ауыстырылды, 31 алаңда ағымдағы жөндеу жасалды. Десек те әлі 10 алаң жөндеуді қажет етеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»