8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2021 2954 0
Жалын

ОРАЛДАҒЫ 5517 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Көпірден секірген әйелді құтқарған ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, аға сержант Асқар Нұрғалиев жоғары мемлекеттік награда – «Жауынгерлік ерлігі» медалімен марапатталды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев батыл гвардияшыға Мемлекет басшысының атынан салтанатты жағдайда марапатты табыс етті. Министр аға сержант Асқар Нұрғалиевке адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы, жедел әрекеті және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, бұлдан кейін де өзінің қызметтік борышын абыроймен атқаруға шақырды.

Еске сала кетсек, оқиға  26 қараша күні  сағат 11.30шамасында болған еді.  Сол күні  аға сержант Асқар Нұрғалиев кезекті кезекшілік ауысымынан үйіне қайтар жолда  көпірден Шаған өзеніне  секірген әйел адамды байқаған. Дереу көлігін тоқтатып, көмек шақырып, өзі әйелді құтқармақ мақсатта өзенге секірген. Ұлан әскерінің  жедел әрі оңтайлы жасаған әрекетінің нәтижесінде әйел жағаға шығарылды. Осы кезде  жағалауға жәдел жәрдем мен полиция қызметкері де жеткен.

Асқардың өзі бұл әрекетін ерлік санамайды. Айтуынша, оның орнында болған кез келген адам осындай әрекет жасары анық. «Адамға көмектесу – абыройлы іс» деп санайтын Асқар Нұрғалиев Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тумасы екен. 2015 жылдан бері Ұлттық ұлан сапында әскери қызметте.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»