8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2019 3436 0
Қоғам

ОРАЛДА «ТАБЫСТЫ МЕНЕДЖЕР» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау мақсатында жалпы білім беретін және шағын жинақты мектептер басшыларының облыстық «Табысты менеджер – 2019» байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 16 басшы қатысты.

Байқау «Заманауи басшы: табыс формуласы» эссе жазу, «Басқарудағы менің жетістіктерім» – www.youtube.com. бетінде жарияланған бейнебаян, «Мен табысты басшымын» – интербелсенді таныстырылым, «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» – жоба қорғау, Шығармашылық көрме қорғау сынды бес кезеңді қамтыды.


Қорытынды бойынша жалпы білім беру ұйымдары арасында Бас жүлдені Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей директоры Шынар Сағынғалиева иеленді. І орын – Қазталов ауданы Қараөзен мектеп-лицейінің директоры Мәншүк Жексеноваға, ІІ орын – Сырым ауданы Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені директоры Нұржауған Күлмухановаға, ІІІ орын – Бәйтерек ауданы  Белес орта мектебінің директоры Азамат Майемерге берілді. Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы орта мектеп директоры Гүлнар Бисенғалиева «Креативті басшы» номинациясымен марапатталды.

Шағын жинақты мектептер арасынан бас жүлдені  Қаратөбе ауданы Егіндікөл орта мектебінің директоры Ақмарал Мұханова алса, І орын – Теректі ауданы Ұзынкөл орта мектебінің директоры Анаргүл Түтебаеваға, ІІ орын – Бәйтерек ауданы Өркен орта мектебі директоры Айгүл  Қалиеваға, ІІІ орын – Ақжайық ауданы О.Исаев атындағы орта мектеп директоры Нұрлан Есболатов иеленді.
Бөрлі ауданы Бумакөл орта мектеп-балабақша кешені директоры Гүлбаршын Кұсмағамбетова «Ұтқыр басшы» номинациясымен марапатталды.
Жүлдегерлерге грамоталар, бағалы сыйлықтар, сертификаттар табысталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»