8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2020 1663 0
Қоғам

ОРАЛДА ТҮЗЕТЕ-ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры жыл басынан бері бизнесті жеңілдікпен несиелеу мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымыздағы кәсіпорындарға жалпы сомасы 9,6 млрд. теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша қаржылық қолдау көрсетті. Жалпы 1,3 млрд. теңге болатын 117 жобаға қор кепілдемесі берілген. Бүгін, 22 қыркүйек күні «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының БҚО филилалы өз ісін дамытуда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлік нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

«Даму» қорының демеуімен жұмысын бастаған «Шаңырақ» орталығы даун синдромы, аутизм, церебралды салдану, жүйке зақымдануы, тұтығу диагнозы қойылған балаларға түзете-оңалту қызметін ұсынады. Орталық басшысы Гүлнұр Төлегеннің сөзінше, жоспарлаған жобасын жүзеге асыру мақсатында «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы» аясында «Сбербанк» АҚ-нан алты пайыздық жылдық мөлшерлемемен 16,4 млн. теңге несие алған. Осы ретте «Даму» қоры 60 пайыз мөлшердегі кепілдігін ұсынған. Соның нәтижесінде емдік-дене шынықтыру, массаждау, БИО-акустикалық түзету, сенсорлық, оқу залын жабдықтаған.

  – Орталығымызда невролог, реабилитолог, нейропсихолог, дефектолог, логопед, ЕДШ инструкторы, массажист пен коррекциялық педагог және бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс істейді. 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Нәтиже бар. Мәселен, балалар аутизмі диагнозымен өткен жылдың қазанынан бастап біздегі оңалту шараларынан өткен бала сөйлейтін, әріптер мен сандарды танитын, жаза алатын деңгейге жетті. Осылайша, биыл ПМПК оған жалпы орта білім беретін мектепке жолдама берген. Сол секілді инсульттан кейінгі оңалтудың да нәтижесі 1-2 айдың ішінде байқалды, – дейді Гүлнұр Меңдіханқызы.

Сондай-ақ «Даму» қоры арқылы қолдауға ие болған «Талап» АҚ  медициналық орталықтар желісі орталықтардың бірінде магниттік-резонанстық томография кабинетін ашса, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайтып, панельдік радиаторлар өндірісіне  арналған екінші зауытты іске қоспақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»