ОРАЛДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ
Бүгін, 24 қыркүйекте «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Орал қаласының Мөңкеұлы көшесі, 120-үй мекенжайында орналасқан жалдамалы үйдің және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы жаңғырту жұмыстары жүргізілген Орал қаласының Ықсанов көшесі, 73, Құрманғазы көшесі, 129 мекенжайларында орналасқан тұрғын үйлердің құрылыс сапасына мониторинг жасалды.

Мониторинг барысында Мөңкеұлы көшесі 120 мекенжайында орналасқан жалдамалы үйдің тұрғындары үйдің терезелерінің сапасыздығына және балкондардағы терезелердің жоқтығына шағымданды. Анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.
Сонымен қатар Орал қаласының Ықсанов көшесі 73-үй, Құрманғазы көшесі, 129-үй тұрғындары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы жүргізілген жаңғырту жұмыстарына көңілдері толатындықтарын айтты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу