ОРАЛДА ТҰРҒЫН-ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ОПЫРЫЛЫП ТҮСТІ
Бүгін, 8 ақпан күні Орал қаласындағы Мұхит 124/2 мекенжайында орналасқан 1 қабатты үйдің шатыры қардың қалындығынан опырылып түсті. Оқиға таңғы 06.00 шамасында болған. Оқиға орнына қала әкімі М.Мұқаев және ТЖ қызметкерлері келді.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй 1978 жылы салынған. 13 пәтер бар. Мұнда 11 отбасы тұрады. Негізінен РУ мекемесінің қызметкерлері. Жазатайым оқиғалар мен жарақат алғандар жоқ. Барлық коммуналдық қызметкерлер оқиға орнында жұмыстануда. Тұрғындар қауіпсіз орынға шығарылған. Тұрғындарды уақтыша пәтерлерге орналастыру жұмыстары жүруде.
– Болашақта бұл жердің орнына жекеменшік-мемлекеттік әріптестік бағдарламасы аясында тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Ол үшін мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Осы үйдің тұрғындары сол үйден баспана алатын болады. Бірер күннің ішінде құжаттары рәсімеделеді, – деді қала басшысы Мұрат Рахметұлы.
«ЖАЙЫҚ ҮНІ»
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу