8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Маусым 2020 1353 0
Қоғам

ОРАЛДА САНИТАЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Орал қаласында санитарлық-дезинфекциялық талаптарды орындамаған 1 саябақ, 1 кафе, 2 сауда үйі және 3 қоғамдық көлік маршруты жұмысын уақытша тоқтатты . Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Орал қалалық басқарма қызметкерлері, қалалық әкімдік мамандары, полиция қызметкерлерінен құралған мониторингтік топ күнделікті негізде ашылған нысандардың карантин жағдайында санитарлық талапқа сай жұмыс істеуін тексеру бағытында рейдтер жүргізеді.

БҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ашылған ауданы 2000 ш.м. асатын сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жеке қорғану құралдарының жеткілікті саны (бетперделер, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктердің) болуы, үй-жайға дезинфекция жүргізу және желдетуі, кемінде бір метр ара қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеуі, келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін нысандардың кіре берісінде қашықтық термометрияны (қол тепловизорын) жүргізуі тиіс.

Ал мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар және басқаларында (келушілер саны бір мезгілде 30 адамнан аспайтын) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды, кемінде бір метр ара қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу, үстелдердің арасындағы қашықтықты кемінде 2 метр сақтаудың қамтамасыз етілуі, бір үстел басында отырушылар 4 адамнан аспауы тиіс (бір отбасын қоспағанда).

Сауда нысандарын ашуға рұқсат берілген күннен бастап жұмыс тобы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы орындалуына мониторинг жүргізу жұмысын бастады.

Тексеру барысында кейбір нысандардың көрсетілген талаптарды орындамайтындығы анықталды. Осылайша, рейд барысында бетперде тақпаған және санитарлық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтамаған 1 дәмхана және келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін қашықтық термометрияны (қол тепловизорын) алмаған, адамдардың бір жерге көп жиналуына, кезекте арақашықтықтың сақталмауына, келушілердің бетпердесіз кіруіне жол берген және қызмет көрсетушінің өздері де бетперде тақпаған 2 сауда үйі, саябақ және қалалық 3 қоғамдық көлік маршруты орын алған кемшіліктерді жойғанша жұмысын уақытша тоқтатты.

Жұмыс тобының кемшіліктерді анықтау бойынша жұмыстары әлі жалғасын табуда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»